Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» и от 16 августа 2017 года № 612 «Об утверждении пе

Бұйрық · № ҚР ДСМ-92 · қабылданған 25.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-478-16-2017-no-612/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» и от 16 августа 2017 года № 612 «Об утверждении пе Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-92 ·25.08.2022
25.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» и от 16 августа 2017 года № 612 «Об утверждении пе

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-92 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказы Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» и от 16 августа 2017 года № 612 «Об утверждении пе
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 және «Бақылау функцияларын қа
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-92
Қабылданған күні
25.08.2022
Көрсетілген редакция
25.08.2022 171058_589122.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029310
ЭКБ идентификаторы
171058
Редакция идентификаторы
171058_589122
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:25

0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 және «Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдар»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.»;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға әрбір ай үшін жарналар төлеуден босатылмайды.
Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
12. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.
Егер кезең төленбеген кезеңді есептеу кезіндегі кезең Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген сәтті қамтыса, есептелген төленбеген кезеңге енгізілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Қорға жарналар төлемеген дербес төлеушілер МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға Заңның 5-бабының 3-2 тармағында көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жарналар төлейді.»;
13- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 612 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.»;
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.

2

2. «Бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15661 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 20-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық 2022 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 12 және 12-1-тармақтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

1 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-92 бұйрыққа
1 қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыруға аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша
Нысан
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік
туралы 20_____ жылғы _________ (ай)
(_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім
Есепті кезең 20__жыл
Индекс: қажеттілік
Кезеңділігі: ай сайын
Өтінім ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
Ме­ке­ме 226
Бағ­дар­ла­ма 066
Кі­ші бағ­дар­ла­ма 102
Ерекше­лі­гі 351
Тө­лем тү­рі
Са­ны, адам
Қор­ға тө­ле­ну­ге ти­іс­ті мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, пай­ыз
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге
Со­ма­сы, тең­ге
Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на жар­на­лар тө­ле­уден боса­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­ла­ры тү­рін­де­гі әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер
оның ішін­де:
ба­ла­лар
жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де тір­кел­ген адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер
осы тар­мақ­тың 5) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) үш жас­қа толған­ға дей­ін тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі)
жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­с­та­ғы адам­дар
мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ға кү­тім жа­сай­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ға кү­тім жа­сай­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам
зей­не­та­қы тө­лем­де­рін алушы­лар, оның ішін­де Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі
қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар
тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да ұста­ла­тын адам­дар, сон­дай-ақ үй­қа­мақ тү­рін­де­гі бұл­тарт­пау ша­ра­сы қол­да­ны­л­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін қан­дастар
«Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен ма­ра­пат­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен ма­ра­пат­тал­ған көп ба­ла­лы ана­лар
мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар
ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша оқи­тын адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар
Жиы­ны
Атауы: ____________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны ___________________________________
Басшы _____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөр орны

2 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 25 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-92 бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 612 бұйрығына
20-қосымша
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден
босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/activities/directions?lang=kk.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары бойынша есеп.
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 6/2-МӘМС (жеңілдіктер).
Кезеңділік: тоқсандық, жылдық.
Есепті кезең: «____» __________ 20__жылғы жағдай бойынша.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік айдың 20-күні, есепті жылдан кейінгі 15 наурыз.
р/с №
Адамдар санатының атауы
20__жылғы 01 «____» арналған жоспар
20____жылғы 01 «_____» арналған факт
Ауытқу
Саны, адам.
Сомасы, мың теңге
Саны, адам.
Сомасы, мың теңге
Саны, адам.
Сомасы, мың теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
Барлық тұлғалар, оның ішінде:
1
Балалар
2
Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар
3
Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
4
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)
5
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар
6
Мүгедектігі бар баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар
7
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адам
8
Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері
9
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар)
10
Тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар
11
Жұмыс істемейтін қандастар
12
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
13
Мүгедектігі бар адамдар;
14
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар
15
Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар
Басқарма төрағасы _________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қолы ____________________________________
Құрылымдық бөлімшенің басшысы_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қолы ____________________________________
Мөр орны

Қолданыстағы