О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов и Правил взыскания задолженности по отчислениям и (или) взносам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов и Правил взыскания задолженности по отчислениям и (или) взносам»
- Атауы (қаз.)
- «Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 876
- Қабылданған күні
- 27.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2017 116680_265620.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016084
- ЭКБ идентификаторы
- 116680
- Редакция идентификаторы
- 116680_265620
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:08
0
«Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 3 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек қалыптасқан кезде мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің тізімдерін ұсыну туралы хабарлама жібереді.
Төлеушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) ұсынады.
Мұндай хабарлама, егер аударымдар және жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, жіберілмейді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, кедендік берешекті, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектерді өтеу шотына аудару үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, банкке немесе ұйымдарға ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада жасалады, оның бірі төлеушіге қол қою арқылы немесе жіберу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен беріледі.
Төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап, кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.
Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.» ;
осы бұйрыққа 1 және 2 - қосымшаларға сәйкес 1 және 2 - қосымшалармен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап, күнтізбелік он күннің ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі______________Д. Абаев
2017 жылғы 8
қарашада
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі_____________Б. Сұлтанов
2017 жылғы « »
1 Жұмыскерлердің тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 876 бұйрығына
1-қосымша
Аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешекті
өндіріп алу ережелеріне
1-қосымша
Нысан
Жұмыскерлердің тізімдерін мемлекеттік кірістер органына ұсыну туралы хабарлама
20__ жылғы «___» _____________ № ______________
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізге __________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), төлеушінің атауы,
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/ БСН), мекенжайы)
________________________________________________________________________________
20 ___жылғы «____» __________ жағдай бойынша
теңге
Атауы
Берешектің барлық сомасы
Негізгі төлемнің сомасы
Өсімпұл сомасы
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар
мөлшеріндегі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешектің бар екендігі туралы хабарлайды.
Соған байланысты осы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Сіз
_______________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_______________________________________________________________________________
аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін ұсынуыңыз
қажет.
Аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімі
тапсырылмаған жағдайда
_______________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
төлеушінің банк шоттары, кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
туралы өкім шығарады.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары): ______________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, мөрі)
Хабарламаны
алдым: ______________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), төлеушінің
атауы, қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге
тапсырылды: ______________________________________
(мемлекетік кірістер органының лауазымды
тұлғасының (Т.А.Ә. (болған жағдайда),
қолы, күні)
Хабарлама төлеушіге
жіберілді: ______________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісі
туралы растаушы құжат)
2 Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 867 бұйрығына
2-қосымша
Аударымдар және (немесе)
жарналар бойынша берешекті
өндіріп алу ережелеріне
2-қосымша
Нысан
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы
20__ жылғы «___» _____________ № ______________
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), төлеушінің атауы, сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН/ БСН), мекенжайы)
төлеушінің банктік шоттары және кассасы бойынша (Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегін өтеу
жөніндегі операцияларынан басқа) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Осы өкімді алған сәттен бастап төлеушінің кірісіне түсетін қолма-қол ақша
қаражатты Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына және (немесе) Әлеуметтік
медициналық сақтандыру қорына аударылуы тиіс.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары): ______________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, мөрі)
Өкімді
алдым: ______________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), төлеушінің
атауы, қолы, күні)
Өкім төлеушіге
тапсырылды: ______________________________________
(мемлекетік кірістер органының лауазымды
тұлғасының Т.А.Ә. (болған жағдайда),
қолы, күні)
Өкім төлеушіге
жіберілді: ______________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісі
тұралы растаушы құжат)