Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-2/2020 · қабылданған 09.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-478-ekb-138133/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-2/2020 ·09.01.2020
09.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-2/2020 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»
Атауы (қаз.)
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына толықтырулар енгізу
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-2/2020
Қабылданған күні
09.01.2020
Көрсетілген редакция
09.01.2020 138133_439359.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019860
ЭКБ идентификаторы
138133
Редакция идентификаторы
138133_439359
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:31

0

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидасы мен мерзімінде:
мынадай мазмұндағы 46, 47, 48 және 49-тармақтармен толықтырылсын:
«46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар (бұдан әрі – жарналар төлеуден босатылған адамдар) санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
47. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен қордың шотына аударуды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді.
48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.
49. Қор ай сайын Мемлекеттік корпорацияға уәкілетті органнан жарналар төлеуден босатылған адамдар санаттары бөлінісінде мемлекеттің жарналарын алу туралы хабарламаны ақпараттық жүйе арқылы жібереді.».
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы «_____» ________
№ ____ бұйрығына қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері
4 - қосымша
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы
20_____ жылғы _________ (ай)
_________ күні _______ сағ._______ мин
жағдай бойынша
өтінім
20__ж. есепті кезең
Индекс: қажеттілік
Жиілігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар ортасы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
тыс. тенге
Ме­ке­ме
226
Бағ­дар­ла­ма
066
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
102
Ерекше­лік
339
Тө­лем тү­рі
Са­ны, адам
Қор­ға тө­ле­у­ге жа­та­тын мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, %
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы­ның ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге
Со­ма­сы, тең­ге
Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на жар­на­лар тө­ле­уден боса­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­ла­ры тү­рін­де­гі әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер
Оның ішін­де:
ба­ла­лар
Жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де тір­кел­ген адам­дар
Жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер
осы тар­мақ­тың 5) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, үш жас­қа толған­ға дей­ін ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі)
жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның (олар­дың) кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­ста жүр­ген адам­дар
мү­ге­дек ба­ла­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
ба­ла ке­зі­нен бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ке кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам
зей­не­та­қы тө­лем­де­рін алушы­лар, оның ішін­де Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­ры мен мү­ге­дек­те­рі
қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар
тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да­ғы адам­дар
Жұ­мыс іс­те­мей­тін орал­ман­дар
Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен на­град­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар
мү­ге­дек­тер
ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­нын­да бі­лім алып жа­тқан адам­дар
мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті алушы жұ­мыс іс­те­мей­т­ін­дер
Жиы­ны
Атауы: ___________________________ Мекенжай ___________________________
тел. _____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________________
Орындаушының тегі мен телефоны _______________________ ______________________
Басшы _______________________________________________ (Т.А.Ә.)
Қолы
М.О.

Қолданыстағы