Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-99/2020 · қабылданған 29.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-478-ekb-145947/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-99/2020 ·29.08.2020
29.08.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-99/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»
Атауы (қаз.)
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-99/2020
Қабылданған күні
29.08.2020
Көрсетілген редакция
29.08.2020 145947_479664.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021157
ЭКБ идентификаторы
145947
Редакция идентификаторы
145947_479664
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:00

0

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;»;
7-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына (бұдан әрі - № 224 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын адамдар және микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері және № 224 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын, олар бойынша төлеу (аудару) мерзімі №224 қаулыға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ставкаларына «0» түзету коэффициентін қолданатын ірі кәсіпкерлік субъектілері жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімдерін қордың ақпараттық жүйесіне жібереді.»;
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М. Шорановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 тамызы
№ ҚР ДСМ-99/2020
бұйрығына қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдері
4-қосымша
Нысан
Есепті кезең 20__ж.
Индекс: қажеттілік
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
мың теңге
Ме­ке­ме
226
Бағ­дар­ла­ма
066
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
102
Ерекше­лі­гі
351
Тө­лем тү­рі
Са­ны, адам
Қор­ға тө­ле­ну­ге ти­іс­ті мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, %
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге
Со­ма­сы, тең­ге
Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на жар­на­лар тө­ле­уден боса­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­ла­ры тү­рін­де­гі әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер
оның ішін­де:
ба­ла­лар
жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де тір­кел­ген адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер
осы тар­мақ­тың 5) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оны (олар­ды) тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі)
жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның (олар­дың) кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­ста жүр­ген адам­дар
мү­ге­дек ба­ла­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар
ба­ла ке­зі­нен бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ке кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам
зей­не­та­қы тө­лем­де­рін алушы­лар, оның ішін­де Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі
қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар
тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да­ғы адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін орал­ман­дар
«Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен на­град­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар
мү­ге­дек­тер
ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­нын­да бі­лім алып жа­тқан адам­дар
мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті алушы жұ­мыс іс­те­мей­т­ін­дер
Жиы­ны
Атауы: ___________________________
Мекенжайы ___________________________
тел.
_____________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы
___________________________________________________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________
______________________
Басшы
____________________________________________________________
(Т.А.Ә.) (бар болса)
Қолы
М.О. (бар болса)

Қолданыстағы