Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-21 · қабылданған 27.02.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-478-ekb-153188/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-21 ·27.02.2021
27.02.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-21 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»
Атауы (қаз.)
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу т
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-21
Қабылданған күні
27.02.2021
Көрсетілген редакция
27.02.2021 153188_513998.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022285
ЭКБ идентификаторы
153188
Редакция идентификаторы
153188_513998
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:24

0

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жұмыс істемейтін қандастар;»;
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларына:
3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М. Шорановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін күшіне енеді және 2020 жылғы 01 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

1 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 27 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-21
бұйрығына 1-қосымша
Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдеріне 4-қосымша
Нысан
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден
босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____
жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша
өтінім
Есепті кезең 20__ж.
Индекс: қажеттілік
Кезеңділігі: ай сайын
Өтінім ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Тапсыру мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде.
Ме­ке­ме
226
Бағ­дар­ла­ма
066
Кі­ші бағ­дар­ла­ма
102
Ерекше­лі­гі
351
Тө­лем тү­рі
Са­ны, адам
Қор­ға тө­ле­ну­ге ти­іс­ті мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, %
Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге
Со­ма­сы, тең­ге
Әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на жар­на­лар тө­ле­уден боса­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­ла­ры тү­рін­де­гі әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер
оның ішін­де:
ба­ла­лар
жұ­мыс­сыз ре­т­ін­де тір­кел­ген тұ­лға­лар
жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер
осы тар­мақ­тың 5) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) үш жас­қа толған­ға дей­ін тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі)
жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­с­та­ғы адам­дар
мү­ге­дек ба­ла­ға кү­тім жа­сай­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін тұ­лға­лар
ба­ла ке­зі­нен бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ке кү­тім жа­сай­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам
зей­не­та­қы тө­лем­де­рін алушы­лар, оның ішін­де Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі
қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар)
тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да ұста­ла­тын адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін қан­дастар
«Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен ма­ра­пат­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен ма­ра­пат­тал­ған көп ба­ла­лы ана­лар
мү­ге­дек­тер
ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша оқи­тын адам­дар
жұ­мыс іс­те­мей­тін мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар
Жиы­ны
Атауы: ____________________________________________________________
Мекенжайы ________________________________________________________
тел. ______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Орындаушының тегі және телефоны ___________________________________
Басшы _____________________________________________________________
(Т.А.Ж.) (бар болса) (Қолы)
М.О. (бар болса)

2 Өтініш

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 27 ақпандағы
№ ҚР ДСМ-21
бұйрығына 2-қосымша
Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» коммерциялық
емес акционерлік қоғамы
Басқармасының төрағасына
_________________________
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілсін)
Өтініш
_________________________________________________________________
(аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды
төлеушінің немесе төлеуші банктің, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)
20__ ж ______ _____ №___ төлем тапсырмамен, референс__________ аударылған аударымдардың және (немесе) жарнаның және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын:
№ р/с
ЖСН
Те­гі аты әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Ке­зең
Тө­лен­ген со­ма­сы
Қай­та­рым со­ма­сы
1
2
3

N
атына қайтаруды жүргізуді сұраймын, төлемнің жалпы сомасы ________, қайтарылатын жалпы сомасы ________.
Кейінгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):
☐ 1. Төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударылған;
☐ 2. Артық есептелген (бөлшектеп қайтару);
☐ 3. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28 бабының 7-тармағына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған, олар үшін жарнаны мемлекет төлейтін адамдар үшін қате аударылған;
☐ 4. Төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
☐ 5. Төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
☐ 6. Төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
☐ 7. Аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылды;
☐ 8. Дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған;
☐ 9. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар.
Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді (керегін белгілеу) сұраймыз:
☐ төлем тапсырмасында көрсетілген банк деректемелеріне (құжат);
☐ банктік деректемені ауыстырған кезде келесі деректемелерді толтыру қажет:
Төлеушінің атауы: _______________
ЖСН (БСН): ____________________
Төлеушінің БСК: _________________
Төлеушінің банкі: ________________
Төлеушінің ЖСК (IBAN): ________________________________
(20-сандық ағымдағы дербес банктік есеп-шоты)
Қосымша:
1) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғадан соманы қайтаруға келісімі туралы арызы (қажет болған жағдайда);
2) төлем құжатының көшірмесі не аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың төленгенін растайтын құжат.
Басшы_____________________________________/______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)
Бас бухгалтер (болған жағдайда)________________/_______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимильді қолтаңбаға жол берілмейді).

Қолданыстағы