О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 478 «Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов»
- Атауы (қаз.)
- «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 01.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2023 178509_618219.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031845
- ЭКБ идентификаторы
- 178509
- Редакция идентификаторы
- 178509_618219
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:30
0
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.»;
Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс берушілер:
1) балалар;
2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
3) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) мүгедектігі бар адамдар;
6) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;
7) әскери қызметкерлер;
8) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
9) құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС-ке аударымдар төлеуден босатылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнайы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.
Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1 және 1-1 тармақтарына сәйкес есептеледі.
Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес есептеледі.
Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең үшін тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлаған кезде Қорға есептелген (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Бірыңғай төлем төлеушілер қорға аударымдар мен жарналарды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының белгіленген мерзімдерде төлейді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.