Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 30 марта 2017 года № 96 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 299 · қабылданған 07.02.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2017-no-96-ekb-139409/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 30 марта 2017 года № 96 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 299 ·07.02.2020
18.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 30 марта 2017 года № 96 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 299 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 30 марта 2017 года № 96 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы № 96 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
299
Қабылданған күні
07.02.2020
Көрсетілген редакция
18.08.2020 139409_477457.kaz
Соңғы өзгеріс
18.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NC008959
ЭКБ идентификаторы
139409
Редакция идентификаторы
139409_477457
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:06

0 Мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы № 96 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 30 наурыздағы № 96 шешіміне (2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7010 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Жеңіс күні – 9 мамыр мереке күні болып табылады.»;
7-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:»;
7-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, табыстарды есептемегенде, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»;
7-тармақтың 10) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Мереке күнiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекiтетін тiзiм бойынша көрсетiледi.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтініш беруші өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтiнiшті мынадай құжаттармен қоса:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4) осы Қағидалардың 7-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы