Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 1040 и нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 4 марта 2019 года № 3-НҚ «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу внешнего государственного аудита и финансового контроля информации в сфере таможенного регулирования и сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налог

Қаулы · № 758 · қабылданған 08.11.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-1040-4-2019-no-3/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении дополнения в Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 1040 и нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 4 марта 2019 года № 3-НҚ «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу внешнего государственного аудита и финансового контроля информации в сфере таможенного регулирования и сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налог Күшін жойған 14.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнения в Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 1040 и нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 4 марта 2019 года № 3-НҚ «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу внешнего государственного аудита и финансового контроля информации в сфере таможенного регулирования и сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налог

Күшін жойған Қаулы № 758 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2018 года № 1040 и нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 4 марта 2019 года № 3-НҚ «Об утверждении Правил представления органами государственных доходов уполномоченному органу внешнего государственного аудита и финансового контроля информации в сфере таможенного регулирования и сведений о налогоплательщике (налоговом агенте), составляющих налог
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
758
Қабылданған күні
08.11.2024
Көрсетілген редакция
14.05.2026 202618_822229.kaz
Соңғы өзгеріс
14.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24E0000758
ЭКБ идентификаторы
202618
Редакция идентификаторы
202618_822229
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:50
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органына салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан кедендік реттеу саласындағы ақпаратты және салықтық құпияны құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын және ұсынатын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1040 және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 3-НҚ бірлескен нормативтік қаулысы мен бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрыққа 2-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
«
12.
Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер:
өнім берушінің деректемелері;
алушының деректемелері;
жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері;
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер, оның ішінде, тауардың атауы, шығарылған жерінің белгісі, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды, өлшем бірлігі, саны, бағасы, құны, акциз, қосымша құн салығы, кедендік декларацияға сілтеме (импорт кезінде), айналым жасалған күн.
».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың көшірмелерінің электрондық түрде қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі мен Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.