Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 мая 2018 года № 107-961 «Об утверждении регламента государственной услуги «Передача ребенка (детей) на воспитание в приемную семью и назначение выплаты денежных средств на их содержание»

Қаулы · № 107-446 · қабылданған 08.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-107-961/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 мая 2018 года № 107-961 «Об утверждении регламента государственной услуги «Передача ребенка (детей) на воспитание в приемную семью и назначение выплаты денежных средств на их содержание» Күшін жойған Қаулы ·№ 107-446 ·08.04.2019
09.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 мая 2018 года № 107-961 «Об утверждении регламента государственной услуги «Передача ребенка (детей) на воспитание в приемную семью и назначение выплаты денежных средств на их содержание»

Күшін жойған Қаулы ·№ 107-446 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 30 мая 2018 года № 107-961 «Об утверждении регламента государственной услуги «Передача ребенка (детей) на воспитание в приемную семью и назначение выплаты денежных средств на их содержание»
Атауы (қаз.)
«Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 107-961 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
107-446
Қабылданған күні
08.04.2019
Көрсетілген редакция
09.10.2020 130489_486544.kaz
Соңғы өзгеріс
09.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19A0001219
ЭКБ идентификаторы
130489
Редакция идентификаторы
130489_486544
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:29

0 «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 107-961 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 107-961 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1178 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші) «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.»;
5-тармақта:
«26 (жиырма алты) күнтізбелік күн» деген сандар мен сөздер «7 (жеті) жұмыс күні» деген санмен және сөздермен ауыстырылсын;
«30 (отыз) күнтізбелік күн» деген сандар мен сөздер «10 (он) жұмыс күні» деген санмен және сөздермен ауыстырылсын;
Регламентке қосымшада:
«26 (жиырма алты) күнтізбелік күн» деген сандар мен сөздер «7 (жеті) жұмыс күні» деген санмен және сөздермен ауыстырылсын.

2 2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы