Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики»

Қаулы · № 270 · қабылданған 31.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-167/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики» Қолданыста Қаулы ·№ 270 ·31.12.2019
31.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики»

Қолданыста Қаулы ·№ 270 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 июля 2018 года № 167 «Об утверждении Правил проведения Национальным Банком Республики Казахстан аукционов в рамках реализации денежно-кредитной политики»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
270
Қабылданған күні
31.12.2019
Көрсетілген редакция
31.12.2019 137984_439698.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019844
ЭКБ идентификаторы
137984
Редакция идентификаторы
137984_439698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:43

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 30 шілдедегі № 167 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 шілдедегі

№ 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17355 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде аукциондар өткізу қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) депозиттік аукционға қатысу үшін контрәріптеспен депозиттерді (банктік салымдарды) қабылдау туралы және жинақ шотын ашу және жүргізу туралы келісімді (бұдан әрі – Депозиттерді қабылдау туралы келісім) жасайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісім жасасуға өтінішхатты;
2) контрәріптестің депозиттік аукцион шеңберінде депозиттерді (банктік салымдарды) орналастыру бойынша мәмілелерді жасасуға уәкілетті қызметкерлерінің контрәріптес бекіткен тізімді;
3) жарғы не оның нотариат куәландырған көшірмесі, ал егер контрәріптес өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайда – үлгі жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру фактісін растайтын құжатты;
4) мәміле паспортына қол қоюға уәкілетті контрәріптес қызметкерлерінің қойылған қолдарының үлгілері бар нотариат куәландырған құжатты ұсынады.
Депозиттік аукционға қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті әлеуетті контрәріптес Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Ұлттық Банк басшылығының атына Депозиттерді қабылдау туралы келісімге жасасуға өтінішхаты;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесі (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда);
3) бейрезидент елінің уәкілетті органы берген (шет мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерін қоспағанда) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі;
4) операциялар жасау кезінде қойылған қолдардың үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті адамның (адамдардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері);
5) Қазақстан Республикасының бейрезидентін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркегенін растайтын құжат бар болса, соның көшірмесі;
6) соңғы үш жылдағы шоғырландырылған қаржылық есептілік болған кезде жасайды.
Контрәріптесте Ұлттық Банк пен контрәріптес арасында жасалған қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға Қосылу шарты болған жағдайда, контрәріптестің осы тармақта көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қайталап ұсынуынсыз Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуына жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 -тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Ұлттық Банк әлеуетті контрәріптес Тәртіптің 7-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарды қарайды және ұсынылған құжаттар Тәртіптің 7-тармағына сәйкес келген жағдайда, олар Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Депозиттерді қабылдау туралы келісімді жасасуға дайын екендігін жазбаша хабарлайды немесе себептерін көрсете отырып бас тарту жібереді.».
11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Аукционға қатысушының Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін уәкілетті бөлімше мыналар:
1) Ұлттық Банктің қаржы нарығының статистикасы бөлімшесі Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасы бойынша;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасы бойынша;
3) Ұлттық Банктің операциялық есеп бөлімшесі Қағидалардың 8-тармағының 3) тармақшасы бойынша ұсынған ақпараттың негізінде айқындайды.»;
43 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Аукционға қатысушының Қағидалардың 40-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін уәкілетті бөлімше мыналар:
1) Ұлттық Банктің қаржы нарығының статистикасы бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағының 1) тармақшасы бойынша;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қағидалардың 40-тармағының 2) тармақшасы бойынша;
3) Ұлттық Банктің операциялық есеп бөлімшесі Қағидалардың 40-тармағының 3) тармақшасы бойынша ұсынған ақпараттың негізінде айқындайды.»;
75 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«75. Орталық депозитарий Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының әрбір шығарылымына халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN коды) береді.»;
137- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«137. Депозиттік аукционның нысаны пайыздық мөлшерлеме болып табылады.
Депозиттік аукцион бойынша сыйақы сомасы қарапайым есептеу әдісі арқылы есептеледі (сыйақыны есептеу депозит тартудың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады), есептеу базасына шартты түрде ақшаның депозитте (банктік салымда) жатқан нақты күндер саны және бір жылдағы 360 (үш жүз алпыс) күн алынады.».

2 2. Монетарлық операциялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы