Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2018 года № 25-165 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района»

Ереже · № 32-110 · қабылданған 29.07.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-25-165/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2018 года № 25-165 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района» Күшін жойған Ереже ·№ 32-110 ·29.07.2022
06.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2018 года № 25-165 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 32-110 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 30 января 2018 года № 25-165 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района»
Атауы (қаз.)
Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32-110
Қабылданған күні
29.07.2022
Көрсетілген редакция
06.12.2023 170469_701540.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22DI029048
ЭКБ идентификаторы
170469
Редакция идентификаторы
170469_701540
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:50

0 Ескелді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы

№ 25-165 «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ескелді аудандық мәслихатының «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 25-165 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4529 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 7. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тіркеуде тұратын азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:
оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі –үш ай.
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – бір рет 5 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға - бір рет 5 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) өмірлік қиын жағдайда, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуідеп танылған азаматтар (отбасы):
туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің тоқсан сайын 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
4) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста 70 пайыздық шектен аспайтын, балалары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын отбасыларға - ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
5) табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, Қазақстан Республикасының Жоғары, техникалық жәине кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар – 500 айлық есептік көрсеткіш ағымдағы қаржы жылына бюджетте көзделген қаражат шегінде;

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қолданыстағы