Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 30 марта 2018 года № 27/176-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сел, сельских округов Казыгуртского района»

Өзге акт · № 14/65-VII · қабылданған 08.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-27176-vi/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 30 марта 2018 года № 27/176-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сел, сельских округов Казыгуртского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 14/65-VII ·08.09.2021
08.09.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 30 марта 2018 года № 27/176-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сел, сельских округов Казыгуртского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 14/65-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Казыгуртского районного маслихата от 30 марта 2018 года № 27/176-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сел, сельских округов Казыгуртского района»
Атауы (қаз.)
Қазығұрт аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/176-VI «Қазығұрт аудандық ауыл, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/65-VII
Қабылданған күні
08.09.2021
Көрсетілген редакция
08.09.2021 158466_537127.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21UF01465M
ЭКБ идентификаторы
158466
Редакция идентификаторы
158466_537127
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:50

0 Қазығұрт аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 27/176-VI «Қазығұрт аудандық ауыл, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына және «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15630 тіркелген) сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №27/176-VI «Қазығұрт аудандық ауыл, ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4548 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1

«1. Осы Қазығұрт ауданында ауыл, ауылдық округтердің аумағында өткізілетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі –Регламент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентіне сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
ауыл, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

5

«5. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.».
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

11 «11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді, онда:

1 1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

2 2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

3 3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

4 4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

5 5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде аудандық мәслихаттың қарауына беріледі.

12 12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені аудан әкімі аудандық мәслихаттың отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы