О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 января 2018 года № 33 «Об утверждении предельных аукционных цен»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 января 2018 года № 33 «Об утверждении предельных аукционных цен»
- Атауы (қаз.)
- «Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 23.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2020 142373_460409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020526
- ЭКБ идентификаторы
- 142373
- Редакция идентификаторы
- 142373_460409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:48
0 «Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16536 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған шекті аукциондық бағалар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясына шекті аукциондық бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Шекті аукциондық бағалар
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 23 сәуірі
№ 155 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен бекітілген
Шекті аукциондық бағалар
Р/с №
Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы
Тариф шамасы, теңге/ кВтсағ. (ҚҚС-сыз)
1
Жел энергиясын түрлендіруге арналған жел электр станциялары
21,69
2
Күн сәулесінің энергиясын түрлендіруге арналған күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер
16,97
3
Гидроэлектр станциялары
15,48
4
Биогаз қондырғылары
32,15