О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 января 2018 года № 33 «Об утверждении предельных аукционных цен»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 января 2018 года № 33 «Об утверждении предельных аукционных цен»
- Атауы (қаз.)
- «Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 15.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.03.2021 153519_516338.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022348
- ЭКБ идентификаторы
- 153519
- Редакция идентификаторы
- 153519_516338
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:13
0 «Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шекті аукциондық бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16536 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шекті аукциондық бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Шекті аукциондық бағалар
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 82
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 33 бұйрығымен бекітілген
Шекті аукциондық бағалар
Р/с №
Электр энергиясын алу үшін пайдаланылатын жаңартылатын энергия көздерінің технологиясы
Тариф шамасы, теңге/ кВтсағ, (ҚҚС-сыз)
1
Жел энергиясын түрлендіруге арналған жел электр станциялары
21,53
2
Күн сәулесінің энергиясын түрлендіруге арналған күн энергиясын фотоэлектрлік түрлендіргіштер
16,96
3
Гидроэлектр станциялары
15,2
4
Биогаз қондырғылары
32,15