О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 594 «О размещении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2019 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 594 «О размещении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2019 год»
- Атауы (қаз.)
- «2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 28.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2019 134366_419175.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019302
- ЭКБ идентификаторы
- 134366
- Редакция идентификаторы
- 134366_419175
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:40
0 «2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 594 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17645 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы «___»______
№____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 594 бұйрығына
қосымша
2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
№
Өнім берушінің атауы
Жатақханалардағы жаңа орындардың саны
1
«М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗМЗУ Университеті» акционерлік қоғамы
560
2
«Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
265
3
«Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
188
4
«Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы» мекемесі
300
5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
800
6
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы
250
7
Жеке кәсіпкер Кайпова Гульслу Сайдуллаевна
350
8
Жеке кәсіпкер Гусейнов Шамсадин Аллахверди оглы
210
9
Жеке кәсіпкер Г.А. Рыспаева
100
10
«Югстройсервис-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
200
11
«R`n R Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
164
12
"Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
170
13
«Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті» мекемесі
500
14
Жеке кәсіпкер В.П. СЕМЕНОВ
340
15
«Қазақстан-Американдық Еркін университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
106
16
«ДиЛМАШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
330
17
Жеке кәсіпкер СҮЙЕНІШ САҒИ ҚОМШАБАЙҰЛЫ
400
18
«Virginia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
100
19
Қарағанды облысы Білім басқармасының «Қарағанды гуманитарлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
100
20
«Қайнар» жоғары колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
105
21
Жеке кәсіпкер ҚАНАТҰЛЫ ТАРҒЫН
420
22
Жеке кәсіпкер К.Н.Бексултанова
300
23
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
396
24
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
100
25
"Каспий қоғамдық университеті" білім мекемесі
158
26
Жеке кәсіпкер "Айшанұр"
100
27
Жеке кәсіпкер Д.Б. Бекенов
241
Барлығы
7253