Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования»

Бұйрық · № 526 · қабылданған 12.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-595-ekb-187154/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 526 ·12.10.2023
12.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 526 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования»
Атауы (қаз.)
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
526
Қабылданған күні
12.10.2023
Көрсетілген редакция
12.10.2023 187154_658458.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033543
ЭКБ идентификаторы
187154
Редакция идентификаторы
187154_658458
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:22

0 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1.  «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
15-тармақтың екінші  бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте, ЖЖОКБҰ дәрістердің оқуын «ғылым кандидаты» және (немесе) «ғылым докторы» ғылыми дәрежесі, немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор», дәрежесі, немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесі, немесе «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» дәрежесі, және/немесе «қауымдастырылған профессор (доцент)», немесе «профессор» (бар болған жағдайда), сондай-ақ тиісті ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар оқытушылармен және (немесе) қызметінде өтілі кемінде үш жыл немесе бейін бойынша кемінде бес жыл практикалық өтілі бар аға оқытушылармен қамтамасыз етеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы