О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 749 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 749 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг аэродромного и наземного обслуживания, входящих в состав аэропортовской деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 637
- Қабылданған күні
- 10.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2021 161942_552502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100025901
- ЭКБ идентификаторы
- 161942
- Редакция идентификаторы
- 161942_552502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:09
0 «Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17718 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
0 Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министірінің
2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 637
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
30 қазандағы № 749
бұйрығымен бекітілген
Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету
тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің
тізбесі
1 1-тарау. Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері
1 1. Мыналарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу мен қонуын қамтамасыз ету:
1 1) ұшу-қону жолағын, рульдік жолдар, перрондар беру;
2 2) ұшу алаңын күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
3 3) ұшуды жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
4 4) әуежай ауданында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
5 5) аэронавигациялық ақпараттың және әуе кемесінің әуежайдан ұшуының негізгі бағыты бойынша аэронавигациялық жағдайдың жедел өзгерістерін ұсыну;
6 6) әуежай ауданында ұшуды авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;
7 7) әуе кемесі қонғаннан кейін жолаушылар әуе кемесі үшін үш сағат және сертификатталған жүк пен жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін алты сағат ішінде әуежайында өңдеуге (тиеуге немесе түсіруге) жататын жүк (пошта) болған кезде әуеайлақта тұрақ орнын беру;
8 8) сертификатталған жүк және жүк жолаушы әуе кемелерінің түрлері үшін олар қонғаннан кейін өңдеуге жататын жүк (пошта) болған кезде үш сағат ішінде тұрақ орнын беру;
9 9) ұшу қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету;
10 10) Әуеайлақ аймағында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоспағанда, қону сәтінен бастап тоқтау сәтіне дейін әуе кемесіне әуеайлақтық қызмет көрсету технологиясында көзделген қызметтер.
2 2. Мыналарды қоса алғанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
1 1) жолаушыларды, қол жүктерін, багаждарды, азаматтық авиациясы әуе кемелерінің экипаждары мүшелерін жете тексеру;
2
2) әуежайдың өткізу және ішкіобъектілік режимдерін қамтамасыз ету (бақылау-өткізу мен жете тексеру пунктерін (оның ішінде жалпы қолжетімді аймақтарды қоса алғанда), олардың техникалық құралдарын, бейне бақылау жүйесін, күзеттік жарықтандыруды, қоршауды, патрульдік жолдар мен көлік құралдарын, жете тексеруге арналған жабдықтарды, іске қосылған коммуникациялар, әуежайда өткізу мен ішкіобъектілік режимдерін қамтамасыз ететін персоналды);