Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охранной организац

Бұйрық · № 502 · қабылданған 20.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2018-no-757-30-2018-no-32-ekb-198086/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охранной организац Қолданыста Бұйрық ·№ 502 ·20.06.2024
20.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охранной организац

Қолданыста Бұйрық ·№ 502 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 757 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 32 «Об утверждении критериев оценки степени риска, проверочных листов по государственному контролю за охранной деятельностью, за деятельностью специализированных учебных центров по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должности руководителя и охранника в частной охранной организац
Атауы (қаз.)
«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикас
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
502
Қабылданған күні
20.06.2024
Көрсетілген редакция
20.06.2024 198086_707139.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034573
ЭКБ идентификаторы
198086
Редакция идентификаторы
198086_707139
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:57

0

«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Меншік құқығында немесе жалдау шартында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін атыс тирінің болмауы.
Өрескел
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15
Меншік құқығында немесе жалдау шартында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін атыс тирінің болмауы.
Өрескел
»;
бірлескен бұйрыққа 1-1-қосымшада:
бару арқылы профилактикалық бақылау үшін 2-бөлімнің 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
2-бөлім. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным):
4
Бақылау субъектісінің ұсынымды орындамауы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным)
100
1 факт
100%
»;
талаптарға сәйкестігін тексеру үшін 2-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
3
Бақылау субъектісінің ұсынымды орындамауы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным)
100
1 факт
100%
»;
бірлескен бұйрыққа 1-3-қосымшада:
талаптарға сәйкестігін тексеру үшін 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Бақылау субъектісінің ұсынымды орындамауы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (ұсыным)
100
1 факт
100%
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылау жөніндегі тексеру парағында:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Меншік құқығында немесе жалдау шартында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін атыс тирінің болуы.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Қолданыстағы