О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 758 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 31 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области пожарной безопасности и гражданской обороны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 758 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 31 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области пожарной безопасности и гражданской обороны»
- Атауы (қаз.)
- «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 233
- Қабылданған күні
- 25.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2021 156258_526826.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022894
- ЭКБ идентификаторы
- 156258
- Редакция идентификаторы
- 156258_526826
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:03
0
«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген, 2018 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
4-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасы ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің объектілері;»;
подпункт 14) изложить в следующей редакции:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) газ қоймалары, газгольдерлік, газ айдау және газ толтыру станциялары;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) құрылыстарының жалпы ауданы 500 және одан астам шаршы метр - архивтер, кітапханалар»;
Критерийлерге 1-қосымшада:
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
54
биіктігі 1 қабаттан асатын витраждары бар ғимараттарда витраждарда әрбір қабат деңгейінде орнатылған, түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалар конструкцияларының бұзылуына жол бермеу
елеулі
»;
көрсетілген Бірлескен бұйрықпен бекітілген санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан объектілерге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағында:
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
54
биіктігі 1 қабаттан асатын витраждары бар ғимараттарда витраждарда әрбір қабат деңгейінде орнатылған, түтін өткізбейтін, жанбайтын диафрагмалар конструкцияларының бұзылуына жол бермеу
».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті