О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 758 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 31 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области пожарной безопасности и гражданской обороны»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 758 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 31 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области пожарной безопасности и гражданской обороны»
- Атауы (қаз.)
- «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 328
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 I229894_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039852
- ЭКБ идентификаторы
- 229894
- Редакция идентификаторы
- I229894_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:04
0
«Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) осы бірлескен бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттердің алдын алу және сөндіру құқығына аттестатталған, заңды тұлғаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) осы бірлескен бұйрыққа 24-1-қосымшаға сәйкес өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
«37) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру, жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жылдық кестелер, жартыжылдық тізімдер негізінде жүргізіледі.
Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мәселенің ықтимал тәуекелі мен маңыздылығына, бұзушылықтың бірегейлігіне немесе жүйелілігіне, бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша көздер негізінде бұзушылық дәрежесіне сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар – өрескел, елеулі және болмашы болып айқындалады.
Өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу жағдайларын, оның таралуын, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер етуін болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптарының, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуы мен жай-күйі мәселелерін, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметтің жұмысын және өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті регламенттейтін талаптардың бұзылуы.
Елеулі бұзушылықтар – өрттің пайда болуының алдын алуға және оны сәтті сөндіруге жағдай жасауға бағытталған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.
Болмашы бұзушылықтар – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық мәселелерін регламенттейтін өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.
Өрт қауіпсіздігі талаптары бұзушылықтарының субъективті өлшемшарттарын дәрежелері мен ақпарат көздері бойынша өрескел, елеулі, болмашы деп бөлу, осы Өлшемшартқа қосымшада келтірілген.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру осы бірлескен бұйрықтың 23, 24 және 24-1-қосымшаларында келтірілген өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы бойынша жүргізіледі.»;
көрсетілген Өлшемшарттарға 1-қосымшада:
Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қойылатын талаптар
жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Өрт автоматикасы жүйелерін пайдалануға қойылатын талаптар
»;
реттік нөмірлері 126, 127, 128 және 129-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
126.
Құжаттарды рәсімдей отырып, уақтылы техникалық қызмет көрсету, куәландыру және жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу жолымен өрт автоматикасы жүйелерін жұмысқа қабілетті күйде ұстау
өрескел
127.
Өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталған объектіде техникалық құжаттаманың болуы.
болмашы
128.
Объектінің қызмет көрсетуші персоналы объектіге орнатылған өрт автоматикасы жүйелерінің құрылғылары мен жұмыс принциптерін білу
елеулі
129.
Өрт автоматикасы жүйелерін техникалық құралға арналған құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы жүйелердің жұмысы істен шыққан жағдайларда техникалық куәландыруды жүргізу
елеулі
»;
2018 жылғы 31 шілдеден кейін белгіленген рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған көшпелі өрт техникасы бар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары
жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2018 жылғы 31 шілдеден кейін белгіленген рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған көшпелі өрт техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары
»;
реттік нөмірлері 872 және 873-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
872.
Меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автомобильді техникалық қарап тексерудің диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық қарап тексеру актілерімен расталған кемінде екі өрт сөндіру автомобилінің болуы
өрескел
873.
Өрт техникасында өрт-техникалық жабдық пен жарақтың болуы:
1) ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм сорғыш түтік 2 дана;
2) ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм сорғыш түтік 2 дана;
3) диаметрі 77 мм, гидранттан жұмыс істеуге арналған тегеурінді түтік 2 дана;
4) ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм тегеурінді түтік 6 дана;
5) ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм тегеурінді түтік 10 дана;
6) ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм тегеурінді түтік 6 дана;
7) ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм сорғыш түтік 1 дана;
8) ұзындығы 12 м жібі бар СВ-125 сорғыш түтікке арналған тор 1 дана;
9) РТ – 70 (РТ – 80) 3 жүрісті тармақталу 2 дана;
10) бітеуіші бар ВС-125 түтікке су жинағыш 1 дана;
11) гидранттарды ашуға арналған жалғайтын кілттер 1 дана;
12) газ түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы арқаны 1 дана;
13) 70х50 жалғамалы өтпелі бастиек 2 дана;
14) 80х50 жалғамалы өтпелі бастиек 2 дана;
15) 80х70 жалғамалы өтпелі бастиек 2 дана;
16) түтік бекіткіш 4 дана;
17) түтік қысқыштар 4 дана;
18) өрт колонкасы 1 дана;
19) К-150 сорғыш түтіктерді қосуға арналған кілттер 2 дана;
20) К-80 тегеурінді түтіктерді қосуға арналған кілттер 2 дана;
21) гидранттардың қақпақтарын ашуға арналған кілттер 1 дана;
22) Г-600 гидроэлеваторы 1 дана;
23) РСК – 50 оқпаны 4 дана;
24) РСА оқпаны 2 дана;
25) РС –70 оқпаны 2 дана;
26) СВП-4 ауа-көбікті оқпаны 2 дана;
27) тасымалданатын лафетті оқпан 1 дана;
28) ГПС-600 еселігі орташа көбік генераторы 2 дана;
29) үш иінді саты 1 дана;
30) шабуыл сатысы 1 дана;
31) таяқ-саты 1 дана;
32) ұзындығы 2,5 метрлік металл багор 1 дана;
33) "Әмбебап" сүймен 1 дана;
34) ұста зілбалғасы 1 дана;
35) балташы балғасы 1 дана;
36) жалпақ күрек 1 дана;
37) ағаш қаптағы ағаш кесетін ара 1 дана;
38) арматура кесуге арналған қайшы 1 дана;
39) электр өткізгіштерді кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде: диэлектрлік тұтқасы бар қайшы 1 дана; диэлектрлік қолғап 1 жұп; диэлектрлік боты 1 жұп; диэлектрлік кілемше 1 дана;
40) ұзындығы 30 м брезент қаптағы құтқару арқаны 1 дана;
41) жылу шағылыстырғыш костюм 3 дана;
42) резеңке етік 4 жұп;
43) электрлік жеке шам 5 дана;
44) электрлік топтық шам 1 дана;
45) медициналық дәрі-дәрмек сөмкесі 1 жиынтық;
46) ОУ-5 немесе ОП - 5 өрт сөндіргіш 1 дана;
47) қысқа сапты күрек 1 дана;
48) автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы 1 жиынтық;
49) автомобиль радиостанциясы 1 дана;
50) тасымал радиостанция 4 дана;
51) сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғы 1 дана;
52) домкрат 5 – 10 т 1 дана.
өрескел
»;
реттік нөмірлері 875, 876 және 877-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
875.
Жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 1 бөлімше бастығы, 4 жұмыскер есебінен кемінде 17 адамның болуы
елеулі
876.
Шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру аппараттарының немесе бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2) қарауыл бастығы (ауысым бастығы) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы оқудан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар;
4) бөлімше командирі үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
5) аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі;
6) өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі (аға жүргізушісі) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі, осы санат бойынша автомобиль жүргізудің кемінде 1 жыл тәжірибесі бар;
7) радиотелефонист (байланыс пунктінің диспетчері) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі.
елеулі
877.
Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтың болуы:
1) өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі 1 жиынтық;
2) дулығаның астынан киетін бас киім 1 дана;
3) бессаусақты қолғап 1 жұп;
4) білекті тері қолғап 1 жұп;
5) карабині бар өрт сөндірушінің құтқару белдігі 1 дана;
6) өрт сөндіру каскасы (дулыға) 1 дана;
7) өрт сөндірушінің етігі 1 жұп;
8) өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қабы 1 дана;
9) резеңке етік 1 жұп.
елеулі
»;
реттік нөмірлері 880 және 881-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
880.
Жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға 1 бекет бастығы және 2 жұмыскер есебінен кемінде 9 адамның болуы
елеулі
881.
Жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт профилактикасының аға нұсқаушысы үшін – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
3) өрт профилактикасы нұсқаушысы үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен.
елеулі
»;
реттік нөмірі 884-жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 885, 886 және 887-жолдармен толықтырылсын:
«
885.
Штатта электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы III төмен емес, мына шарттардың біріне жауап беретін кемінде үш маманның болуы:
«өрт қауіпсіздігі», «есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «бағдарламалық қамтамасыз ету», «автоматтандыру және басқару», «электр энергетикасы», «радиотехника, электроника және телекоммуникация», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері», «технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару», «өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «мехатроника», «робототехника және кірістірілетін жүйелер», «сандық техника», «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «электрмен қамтамасыз ету», «электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша жоғары техникалық білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
«өрт қауіпсіздігі», «есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «бағдарламалық қамтамасыз ету», «автоматтандыру және басқару», «электр энергетикасы», «радиотехника, электроника және телекоммуникация», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері», «технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару», «өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «мехатроника», «робототехника және кірістірілетін жүйелер», «сандық техника», «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «электрмен қамтамасыз ету», «электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы
өрескел
886.
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі немесе өзге де заңды негізде ғимараттың немесе үй-жайдың болуы
болмашы
887.
Өлшеуге арналған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті өлшем құралдарының болуы:
1) электр тізбектеріндегі кернеуді немесе электр қозғаушы күшті;
2) ампердегі ток күшін;
3) электрлік белсенді (омдық) кедергілерді;
4) кедергі мәндерін;
5) жарықтандыруды;
6) сызықтық өлшемдерді;
7) үй-жайдағы ауаның ылғалдылығы мен температурасын;
8) су құбырындағы су қысымын;
9) су құбырындағы судың температурасын;
10) су құбыры саңылауының диаметрін;
11) уақыт аралықтарын;
12) статикалық созу күштерін;
13) салмақтарын;
14) ауадағы оттегінің концентрациясын;
15) дыбыс деңгейін;
16) кинематикалық тұтқырлығын;
17) түтінге қарсы желдету жүйесінің отқа төзімді ауа өткізгіштерінің отқа төзімді жабынының қалыңдығын;
18) түтінге қарсы желдету жүйесімен шығарылатын ауа шығыны, сондай-ақ тамбур-шлюздердің ашық есік ойығы арқылы ауа шығынының жылдамдығын;
19) баспалдақ торларында, лифт шахталарында, тамбур-шлюздерде және лифт залдарында қысым айырмашылығын;
20) талшықты-оптикалық байланыс желілерінің әлсіреуін өлшеуге арналған техникалық құралдар жатады.
өрескел
»;
көрсетілген Өлшемшарттарға 2-қосымшада:
«Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін» бөлімінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2
Кәсіби өртке қарсы қызметтердің және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарының аттестатының, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуы
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері
80
1 факт
100%
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан, объектіге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағында:
реттік нөмірлері 120, 121, 122 және 123-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
120.
Құжаттарды рәсімдей отырып, уақтылы техникалық қызмет көрсету, куәландыру және жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу жолымен өрт автоматикасы жүйелерін жұмысқа қабілетті күйде ұстау
121.
Өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталған объектіде техникалық құжаттаманың болуы.
122.
Объектінің қызмет көрсетуші персоналы объектіге орнатылған өрт автоматикасы жүйелерінің құрылғылары мен жұмыс принциптерін білу
123.
Өрт автоматикасы жүйелерін техникалық құралға арналған құжаттамада көрсетілген қызмет мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ осы жүйелердің жұмысы істен шыққан жағдайларда техникалық куәландыруды жүргізу
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттердің алдын алу және сөндіру құқығына аттестатталған, заңды тұлғаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірлері 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автомобильді техникалық қарап тексерудің диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық қарап тексеру актілерімен расталған кемінде екі өрт сөндіру автомобилінің болуы
8.
Өрт техникасында өрт-техникалық жабдық пен жарақтың болуы:
1) ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм сорғыш түтік 2 дана;
2) ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм сорғыш түтік 2 дана;
3) диаметрі 77 мм, гидранттан жұмыс істеуге арналған тегеурінді түтік 2 дана;
4) ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм тегеурінді түтік 6 дана;
5) ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм тегеурінді түтік 10 дана;
6) ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм тегеурінді түтік 6 дана;
7) ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм сорғыш түтік 1 дана;
8) ұзындығы 12 м жібі бар СВ-125 сорғыш түтікке арналған тор 1 дана;
9) РТ – 70 (РТ – 80) 3 жүрісті тармақталу 2 дана;
10) бітеуіші бар ВС-125 түтікке су жинағыш 1 дана;
11) гидранттарды ашуға арналған жалғайтын кілттер 1 дана;
12) газ түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы арқаны 1 дана;
13) 70х50 жалғамалы өтпелі бастиек 2 дана;
14) 80х50 жалғамалы өтпелі бастиек 2 дана;
15) 80х70 жалғамалы өтпелі бастиек 2 дана;
16) түтік бекіткіш 4 дана;
17) түтік қысқыштар 4 дана;
18) өрт колонкасы 1 дана;
19) К-150 сорғыш түтіктерді қосуға арналған кілттер 2 дана;
20) К-80 тегеурінді түтіктерді қосуға арналған кілттер 2 дана;
21) гидранттардың қақпақтарын ашуға арналған кілттер 1 дана;
22) Г-600 гидроэлеваторы 1 дана;
23) РСК – 50 оқпаны 4 дана;
24) РСА оқпаны 2 дана;
25) РС –70 оқпаны 2 дана;
26) СВП-4 ауа-көбікті оқпаны 2 дана;
27) тасымалданатын лафетті оқпан 1 дана;
28) ГПС-600 еселігі орташа көбік генераторы 2 дана;
29) үш иінді саты 1 дана;
30) шабуыл сатысы 1 дана;
31) таяқ-саты 1 дана;
32) ұзындығы 2,5 метрлік металл багор 1 дана;
33) "Әмбебап" сүймен 1 дана;
34) ұста зілбалғасы 1 дана;
35) балташы балғасы 1 дана;
36) жалпақ күрек 1 дана;
37) ағаш қаптағы ағаш кесетін ара 1 дана;
38) арматура кесуге арналған қайшы 1 дана;
39) электр өткізгіштерді кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде: диэлектрлік тұтқасы бар қайшы 1 дана; диэлектрлік қолғап 1 жұп; диэлектрлік боты 1 жұп; диэлектрлік кілемше 1 дана;
40) ұзындығы 30 м брезент қаптағы құтқару арқаны 1 дана;
41) жылу шағылыстырғыш костюм 3 дана;
42) резеңке етік 4 жұп;
43) электрлік жеке шам 5 дана;
44) электрлік топтық шам 1 дана;
45) медициналық дәрі-дәрмек сөмкесі 1 жиынтық;
46) ОУ-5 немесе ОП - 5 өрт сөндіргіш 1 дана;
47) қысқа сапты күрек 1 дана;
48) автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы 1 жиынтық;
49) автомобиль радиостанциясы 1 дана;
50) тасымал радиостанция 4 дана;
51) сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғы 1 дана;
52) домкрат 5 – 10 т 1 дана.
»;
реттік нөмірлері 10, 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 1 бөлімше бастығы, 4 жұмыскер есебінен кемінде 17 адамның болуы
11
Шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру аппараттарының немесе бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2) қарауыл бастығы (ауысым бастығы) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы оқудан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар;
4) бөлімше командирі үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
5) аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі;
6) өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі (аға жүргізушісі) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі, осы санат бойынша автомобиль жүргізудің кемінде 1 жыл тәжірибесі бар;
7) радиотелефонист (байланыс пунктінің диспетчері) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі.
12.
Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтың болуы:
1) өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі 1 жиынтық;
2) дулығаның астынан киетін бас киім 1 дана;
3) бессаусақты қолғап 1 жұп;
4) білекті тері қолғап 1 жұп;
5) карабині бар өрт сөндірушінің құтқару белдігі 1 дана;
6) өрт сөндіру каскасы (дулыға) 1 дана;
7) өрт сөндірушінің етігі 1 жұп;
8) өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қабы 1 дана;
9) резеңке етік 1 жұп.
»;
реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
15
Жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға 1 бекет бастығы және 2 жұмыскер есебінен кемінде 9 адамның болуы
16887
Жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт профилактикасының аға нұсқаушысы үшін – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
3) өрт профилактикасы нұсқаушысы үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен.
».
бірлескен бұйрық осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес 24-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
0 Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 142 мен Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушының
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 328 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 31
және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 758 бірлескен бұйрығына
24-1 -қосымша
Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру
нөмірі), бизнес сәйкестендіру нөмірі_____________________________________
Орналасқан мекенжайы_______________________________________________
___________________________________________________________________
№ р/с
Талаптардың тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
Штатта электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы III төмен емес, мына шарттардың біріне жауап беретін кемінде үш маманның болуы:
«өрт қауіпсіздігі», «есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «бағдарламалық қамтамасыз ету», «автоматтандыру және басқару», «электр энергетикасы», «радиотехника, электроника және телекоммуникация», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері», «технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару», «өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «мехатроника», «робототехника және кірістірілетін жүйелер», «сандық техника», «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «электрмен қамтамасыз ету», «электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша жоғары техникалық білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
«өрт қауіпсіздігі», «есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «бағдарламалық қамтамасыз ету», «автоматтандыру және басқару», «электр энергетикасы», «радиотехника, электроника және телекоммуникация», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «инжиниринг және автоматтандырылған басқару жүйелері», «технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару», «өндірістің автоматтандырылған жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу», «мехатроника», «робототехника және кірістірілетін жүйелер», «сандық техника», «радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «электрмен қамтамасыз ету», «электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімі және электр жабдықтарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету саласында бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.
2
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі немесе өзге де заңды негізде ғимараттың немесе үй-жайдың болуы.
3
Өлшеуге арналған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті өлшем құралдарының болуы:
1) электр тізбектеріндегі кернеуді немесе электр қозғаушы күшті;
2) ампердегі ток күшін;
3) электрлік белсенді (омдық) кедергілерді;
4) кедергі мәндерін;
5) жарықтандыруды;
6) сызықтық өлшемдерді;
7) үй-жайдағы ауаның ылғалдылығы мен температурасын;
8) су құбырындағы су қысымын;
9) су құбырындағы судың температурасын;
10) су құбыры саңылауының диаметрін;
11) уақыт аралықтарын;
12) статикалық созу күштерін;
13) салмақтарын;
14) ауадағы оттегінің концентрациясын;
15) дыбыс деңгейін;
16) кинематикалық тұтқырлығын;
17) түтінге қарсы желдету жүйесінің отқа төзімді ауа өткізгіштерінің отқа төзімді жабынының қалыңдығын;
18) түтінге қарсы желдету жүйесімен шығарылатын ауа шығыны, сондай-ақ тамбур-шлюздердің ашық есік ойығы арқылы ауа шығынының жылдамдығын;
19) баспалдақ торларында, лифт шахталарында, тамбур-шлюздерде және лифт залдарында қысым айырмашылығын;
20) талшықты-оптикалық байланыс желілерінің әлсіреуін өлшеуге арналған техникалық құралдар жатады.
Лауазымды адам (-дар) ________________________ ________________
Лауазымы (қолы)
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы ______________ ____________
Лауазымы (қолы)
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)