О внесении изменений в решение акима Жангалинского района от 30 ноября 2018 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории Жангалинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Жангалинского района от 30 ноября 2018 года № 9 «Об образовании избирательных участков на территории Жангалинского района»
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданы әкiмiнiң «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 25.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2024 199160_713142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24ZE741507
- ЭКБ идентификаторы
- 199160
- Редакция идентификаторы
- 199160_713142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:23
0 Жаңақала ауданы әкiмiнiң «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жаңақала ауданы әкiмiнiң «Жаңақала ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№120 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№120 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Саралжын ауылы, Саралжын көшесі 4/2, «Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі ауылдық кітапхана ғимараты.
Шекаралары: Саралжын ауылы, Тоңаша, Шоқа, Қырғын, Балапан, Тасқұдық, Қоңырқұдық, Қақпанқызыл, Қартабай, Жолқызыл, Дүзгінтөбе, Жынғылды, Қияқты қыстаулары.»;
№126 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№126 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Салтанат ауылы, Салтанат көшесі 15/2, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жаңақала аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Салтанат медициналық пункті ғимараты.
Шекаралары: Салтанат ауылы, Кіші Салтанат, Қоңырқұдық, Көзбен, Айпара, Інгенөлген, Саздыбөлек, Ащықызыл қыстаулары.»;
№132 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№132 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Мәстексай ауылы, Б.Момышұлы көшесі 1/1, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Мәстексай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Мәстексай ауылы, Шомбал, Бердібек, Неғмет, Шаекен, Жанке, Өтебай, Саралжын, Ащықұдық, Көккөз-1, Көккөз-2, Көккөз-3, Бостыбай, Жанту, Қоңырқұдық, Қисық қыстаулары.»;
№134 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№134 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қырқопа ауылы, Д.Нүрпейсова көшесі 1/3, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қырқопа ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралары: Қырқопа ауылы, Ақ Үй, Қызылбас, Ақсай-1, Ақсай-2, Еңбек, Күйген, Жолқұдық, Сарыгөбен, Делгір, Қаразагон, Балғын, Қарабарақ, Байтоқ, Гүрілдеуік, Жетіқұдық, Орысқопа қыстаулары.».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жаңақала аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы