О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 марта 2018 года №162 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Кармакшинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 30 марта 2018 года №162 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Кармакшинского района»
- Атауы (қаз.)
- Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 30.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2023 172529_627373.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22LE00227M
- ЭКБ идентификаторы
- 172529
- Редакция идентификаторы
- 172529_627373
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:42
0 Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №162 «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6254 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген «Қармақшы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.».
42-тармақ алынып тасталсын.