О внесении изменений в решение маслихата Мангистауской области от 30 мая 2019 года № 27/327 «О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда по Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Мангистауской области от 30 мая 2019 года № 27/327 «О ставках платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда по Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 «Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/20
- Қабылданған күні
- 31.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2021 154411_516550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21M0004473
- ЭКБ идентификаторы
- 154411
- Редакция идентификаторы
- 154411_516550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:53
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 «Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 587-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/327 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3923 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.»;
Маңғыстау облысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерінде:
«Мал жаю, соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша» бөлімде:
1-жол орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.