Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 40 «Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан»

Қаулы · № 105 · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2019-no-40-ekb-229453/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 40 «Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан» Қолданыста 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 40 «Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан»

Қолданыста Қаулы № 105 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 40 «Об утверждении Правил осуществления валютных операций в Республике Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
105
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 I229453_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039735
ЭКБ идентификаторы
229453
Редакция идентификаторы
I229453_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:57
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18512 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылатын, ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) шығару және айналымға жіберу қызметін жүзеге асыратын резидент заңды тұлғаның экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартты орындау кезінде пайдаланылатын ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) өтеу міндеттемелерін орындау мақсатында шетелдік банктегі шоттарға, тиісті мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия (рұқсат) негізінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын шетелдік қаржы ұйымының шоттарына қолма-қол ақшасыз шетел валютасын аударуы шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға жатады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Резидент заңды тұлға бір уәкілетті банкте бір жұмыс күні ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен асатын сомаға міндеттемелерді орындауға байланысты мақсаттарға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімге (өтінімдерге) қоса:
1) орындалуы үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасы сатып алынатын валюталық шарттың көшірмесін;
2) Қағидалардың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, оны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сатуға нұсқау береді.
Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылатын, ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) шығару және айналымға жіберу қызметін жүзеге асыратын резидент заңды тұлға уәкілетті банктен ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) өтеу міндеттемелерін орындауға байланысты мақсаттар үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен асатын сомаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу кезінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтініммен (өтінімдермен) бірге:
1) экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттарға берілген есептік нөмірлер туралы ақпаратты;
2) сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәлімделген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, оны кейінгі үш жұмыс күні ішінде ұлттық валютаға сатуға нұсқау береді.
Бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні сомасы жеке алғанда қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен аспайтын, бірақ қосу нәтижесінде қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасының шекті мәнінен асатын бірнеше өтінім бойынша қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары орындалуы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген соманың шекті мәнін арттыруға алып келетін өтінімдерге қолданылады.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді.
Егер валюталық шартқа есептік нөмір берілуге тиіс болса, онда есептік нөмір беру туралы белгімен немесе тіркеу куәлігінің көшірмесімен немесе хабарлама туралы куәліктің көшірмесімен бірге валюталық шарттың көшірмесі ұсынылады.
Уәкілетті ұйымдардың уәкілетті банктен ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензия және оның қолданыстағы қосымшасының (қолданыстағы қосымшаларының) негізінде жүзеге асырылады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Қағидалардың 27 және 28-тармақтарына сәйкес резидент заңды тұлғаның қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімін (өтінімдерін) орындау кезінде уәкілетті банк өтінімде (өтінімдерде) көрсетілген сатып алу мақсаты мен қолма-қол ақшасыз шетел валютасының сомасын қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын валюталық шартпен, сондай-ақ осы валюталық шарт негізінде ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бұрын жүзеге асырылған сатып алу туралы қолда бар мәліметтермен салыстырып тексереді.
Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылатын, ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық қаржы активтерін (стейблкоиндерді) шығару және айналымға жіберу қызметін жүзеге асыратын резидент заңды тұлғаның Қағидалардың 27-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алуға арналған өтінімін (өтінімдерін) орындау кезінде уәкілетті банк экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттарға берілген есептік нөмірлер туралы ақпаратты қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаты мен сомасын растайтын осындай есептік нөмірлер жөніндегі Ұлттық Банктің цифрлық жүйесіндегі ақпаратпен, сондай-ақ ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бұрын жүзеге асырылған сатып алу туралы қолда бар мәліметтермен салыстырып тексереді.
Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарт сомасынан асып кетуіне жол берілмейді. Валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алудың жалпы сомасы резидент заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) басқа уәкілетті банктердің осы валюталық шарттың шеңберінде жүзеге асырылған шетел валютасын сатып алу туралы ақпараты негізінде есептеледі.»;
31-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«резидент-заңды тұлғаның өтінімі және (немесе) басқа уәкілетті банктердің шетел валютасын сатып алу жүзеге асырылғаны туралы ақпараты негізінде есептелген бір валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасы осындай валюталық шарттың сомасынан асып кетсе;».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.