О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 41 «Об утверждении Правил представления информации филиалами (представительствами) иностранных нефинансовых организаций, осуществляющими деятельность в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 41 «Об утверждении Правил представления информации филиалами (представительствами) иностранных нефинансовых организаций, осуществляющими деятельность в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 28.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2022 165239_563836.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027117
- ЭКБ идентификаторы
- 165239
- Редакция идентификаторы
- 165239_563836
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:19
0 «Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 61) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларында:
7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша зияндарды өтеу және пайданы бөлу туралы есепті – есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) тоқсан сайын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Филиалдардың (өкілдіктердің) тізіміне енгізілген филиал (өкілдік) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша сұратуда көрсетілген нысан бойынша және мерзімде жобаны іске асыру, қаржыландыру және қаржыландыруды қайтару, өзге де қаржы-өндірістік көрсеткіштер туралы болжамды ақпаратты өтініште көрсетілген нысанда және мерзімде ұсынады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Филиал (өкілдік) Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған, әділет органдарында есептік тіркеуден шығарылған, жобаны іске асыру аяқталған және/немесе Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды іске асыру туралы есептерден алынатын көрсеткіштер серпіні қатарынан төрт тоқсан ішінде төмендеген кезде филиалдардың (өкілдіктердің) тізімінен алып тасталады.»;
1-қосымшада:
әкімшілік деректер нысанының титулдық парағы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымшада:
әкімшілік деректер нысанының титулдық парағы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымшада:
әкімшілік деректер нысанының титулдық парағы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
әкімшілік деректерді жинау нысаны осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «6-бөлік. Филиалды (өкілдікті) қаржыландыру» кестесімен толықтырылсын;
әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. 6-бөлікте Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) құрған шетелдік қаржылық емес ұйымнан алынған және есепті кезеңде оған қайтарылған қаржыландырудың нақты көлемі көрсетіледі.»;
4-қосымшада:
әкімшілік деректер нысанының титулдық парағы осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Төлем балансы департаменті (А.Б. Өскенбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
1 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 12 Қаулыға
1-қосымша
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың
Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
филиалдарының (өкілдіктерінің)
ақпарат ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі) орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі) туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: VM_BI_1
Кезеңділігі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі аумақтық филиалының сұратуы бойынша біржолғы
Есепті кезең: _________ жыл үшін
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі аумақтық филиалының сұратуын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей
2 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 12 Қаулыға
2-қосымша
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың
Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
филиалдарының (өкілдіктерінің)
ақпарат ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі) орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын жобалар туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: VM_P_2
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: _________ жыл үшін
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: өнімді бөлу туралы келісім бойынша оператор болып табылатын, Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларының 5-тармағына сәйкес қалыптастырылатын филиалдардың (өкілдіктердің) тізіміне енгізілген шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы бесінші сәуірге дейін (қоса алғанда)
3 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 12 Қаулыға
3-қосымша
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың
Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
филиалдарының (өкілдіктерінің)
ақпарат ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі) орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Қазақстан Республикасында жобаларды іске асыру туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: VM_PR_3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20____ жылғы _____ тоқсан үшін
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларының 5-тармағына сәйкес қалыптастырылатын филиалдардың (өкілдіктердің) тізіміне енгізілген шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына (қоса алғанда) дейін
4 6-бөлік. Филиалды (өкілдікті) қаржыландыру
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 12 Қаулыға
4-қосымша
6-бөлік. Филиалды (өкілдікті) қаржыландыру
мың АҚШ долларымен
Жол коды
Көрсеткіш атауы
Сомасы
10
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) құрған шетелдік қаржылық емес ұйым берген қаржыландыру
20
Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) құрған шетелдік қаржылық емес ұйым ұсынған қаржыландыруды қайтару
5 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 12 Қаулыға
5-қосымша
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың
Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
филиалдарының (өкілдіктерінің)
ақпарат ұсыну қағидаларына
4-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі) орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Шетел банктеріндегі банктік шоттардағы ақша қозғалысы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: VM_MF_4
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20____ жылғы _____ тоқсан үшін
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларының 5-тармағына сәйкес қалыптастырылатын филиалдардың (өкілдіктердің) тізіміне енгізілген шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырмасына (қоса алғанда) дейін
6 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 12 Қаулыға
6-қосымша
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың
Қазақстан Республикасында
қызметін жүзеге асыратын
филиалдарының (өкілдіктерінің)
ақпарат ұсыну қағидаларына
5-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі) орналасқан орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Өнімді бөлу туралы келісім бойынша зияндарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: VM_SRP_5
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20____ жылғы _____ тоқсан үшін
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: өнімді бөлу туралы келісім бойынша оператор болып табылатын, Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдарының (өкілдіктерінің) ақпарат ұсыну қағидаларының 5-тармағына сәйкес қалыптастырылатын филиалдардың (өкілдіктердің) тізіміне енгізілген шетелдік қаржылық емес ұйымның филиалы (өкілдігі).
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың жиырма бесіне (қоса алғанда) дейін.
Нысан
______________________________________________________________________________
өнімді бөлу туралы келісім шеңберіндегі жобаның атауы
______________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында қызметін бір жылдан астам жүзеге асыратын шетелдік қаржылық емес ұйым филиалының (өкілдігінің) атауы
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________
Америка Құрама Штаттарының мың долларымен
Жолдар коды
Көрсеткіш атауы
Барлығы
Қазақстан Республикасының үлесі
оның ішінде мердігерлік компаниялар
резиденттер
бейрезиденттер
Мердігерлік компанияның атауы
100
Мердігерлік компанияның өнімді бөлу туралы келісімдегі (бұдан әрі - ӨБК) үлесі, %
200
Есепті кезеңдегі операциялар
х
х
х
х
х
х
300
ӨБК бойынша шығындар
х
х
х
х
х
х
310
өтелмейтін
320
өтелетін
330
басқалар
400
ӨБК бойынша кіріс
х
х
х
х
х
х
410
есептелген аплифт
420
төленген аплифт
430
басқалар
500
Өнімді бөлу - мердігерлік компанияның үлесі
х
х
х
х
х
х
510
кост-ойл
520
профит-ойл
600
ӨБК бойынша түзетулер
610
өтелмейтін шығындарға
х
х
х
х
х
х
х
620
өтелетін шығындарға
630
аплифтке
640
басқаларға
700
Баланстық позициялар (жинақталған қорлар)
х
х
х
х
х
х
710
Кезең басындағы
х
х
х
х
х
х
711
өтелмейтін шығындар
712
өтелетін шығындар
713
есептелген, бірақ төленбеген аплифт
714
басқалар
720
Кезең соңындағы
х
х
х
х
х
х
721
өтелмейтін шығындар
722
өтелетін шығындар
723
есептелген, бірақ төленбеген аплифт
724
басқалар
Ескертпе: _______________________________________________
Бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде - оның орнындағы адам)
__________ ____________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындаушы
________ ____________________________________ телефоны ________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20____жылғы «______»_____________
6.1 «Өнімді бөлу туралы келісім бойынша зияндарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Өнімді бөлу туралы келісім бойынша
зияндарды өтеу және пайданы бөлу
туралы есеп» әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Өнімді бөлу туралы келісім бойынша зияндарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы түсіндірме «Өнімді бөлу туралы келісім бойынша зияндарды өтеу және пайданы бөлу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2 2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді.
3 3. Нысанға бас бухгалтер (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), орындаушы қол қояды.
4 4. Нысан қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде ұсынылады.
2 2-тарау. Нысанды толтыру
5 5. Нысанды толтыру үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) аплифт – шығындардың өтелмеген бөлігіне есептелген (төленген) пайыз;
2 2) кост-ойл – орны толтырылатын мұнай-газ шикізаты;
3 3) мердігерлік компания – мердігердің құрамына кіретін өнімді бөлу туралы келісімнің (бұдан әрі – ӨБК) қатысушысы;
4 4) профит-ойл – табысты мұнай-газ шикізаты.
6 6. Нысанды жобалар жөніндегі операторлар Қазақстан Республикасының аумағындағы ӨБК шеңберіндегі жобалар бойынша мердігерлік компаниялардың атаулары мен олардың резиденттігі бөлігінде ұсынады.
7 7. 100-жолда мердігерлік компанияның ӨБК-тегі үлесі пайызбен көрсетіледі. Барлық қалған көрсеткіштер Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі – АҚШ) мың долларымен көрсетіледі.
8 8. Егер көрсеткіш валютасы АҚШ долларынан ерекшеленетін болса, есепті кезеңдегі (310, 320, 330, 410, 420, 430, 510 және 520 кодтары бар жолдар) операциялар үшін соманың баламасы операция жүргізген күнгі валюталардың нарықтық айырбастау бағамы пайдаланыла отырып есептеледі.
9
9. Кезең басындағы (711, 712, 713 және 714 кодтары бар жолдар) қалдықтардың көрсеткіштері үшін АҚШ долларындағы соманың баламасы алдыңғы кезеңнің соңындағы валюталардың нарықтық айырбастау бағамы пайдаланыла отырып есептеледі. Бұл ретте кезең басындағы қалдықтар алдыңғы кезеңнің соңындағы қалдықтармен сәйкес келуі тиіс.