О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 42 «Об утверждении Правил осуществления экспортно-импортного валютного контроля в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 марта 2019 года № 42 «Об утверждении Правил осуществления экспортно-импортного валютного контроля в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 257
- Қабылданған күні
- 23.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2024 137547_675288.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019778
- ЭКБ идентификаторы
- 137547
- Редакция идентификаторы
- 137547_675288
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:13
0 «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы және «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Экспорттаушы немесе импорттаушы есептік нөмір алу үшін тараптардың бірі экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін есептік нөмірді алу үшін өтініш жасайды.
Егер экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды оның бейрезидент қатысушысы бірінші болып бастаса және осындай орындау резидент экспорттаушының немесе импорттаушының пайдасына мүлікті беруге (ақшаның түсуіне) байланысты болса, онда осындай резидент мүлікті (ақшаны) өзінің иелігіне алғанға дейін есептік тіркеу үшін өтініш береді.
Егер бейрезидент қатысушы шет мемлекеттің аумағында тараптардың бірі азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы сертификаты бар резидент заңды тұлға болып табылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) импорты жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауды бірінші болып бастаса, онда резидент бейрезидент міндеттемелерін орындағаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде, бірақ резидент міндеттемелерді орындауды бастаған күннен кешіктірмей валюталық шартты есептік тіркеу үшін өтініш береді.
Талап қоюдың өтуі нәтижесінде немесе борышты аудару нәтижесінде бейрезидентке талап қою құқығын қабылдаған немесе бейрезидент алдындағы борышты қабылдаған экспорттаушы немесе импорттаушы есепті тіркеу үшін осындай талап ету құқығы немесе борыш қабылданған күннен бастап, бірақ тараптардың кез келгені өткізілген талап (аударылған борыш) бойынша міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей өтініш жасайды.»;
4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Төлем балансы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және
4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 шілдеден туындаған қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
1 Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
20__ жылғы ___ ________
№___ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық
бақылауды жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылды: www. nationalbank.kz
Индексі: EICC_1
Кезеңділігі: күн сайын
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ________
Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк
Ұсыну мерзімдері:
3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1
1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған күннен кейін;
2 2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін.
Нысан
Есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ________________________________
Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірінің деректемелері
Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт түрінің коды
Экспорттаушы немесе импорттаушы жөніндегі ақпарат
Нөмірі
Күні
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
ББСН
Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)
Экспорттаушының немесе импорттаушының белгісі
Облыс коды
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат
Экспорт немесе импорт белгісі
Нөмірі
Күні
Сомасы мың бірлікпен
Валютасы
9
10
11
12
13
кестенің жалғасы
Бейрезидент жөніндегі ақпарат
Репатриациялау мерзімі
Валюталық шартты есептік тіркеуден алу
Іскерлік қатынастарды бұзу ниеті туралы және есептік тіркеу банкінің өзгеруі туралы хабарламаны жіберу күні
Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Елі
Күні
Негізі
14
15
16
17
18
19
Атауы_______________________ Мекенжайы ______________________
Телефоны _____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы__________________________________
Орындаушысы ________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін атқаратын адам
_____________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы телефоны
Күні 20 ____ жылғы «____»_____________
12 «Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт
жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы түсіндірме «Есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
2 2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді.
3 3. Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банк есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.
4 4. Есепті кезеңде ақпарат болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.
5 5. Деректерді түзету (өзгерістер, толықтырулар) Нысанды ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кейін 6 (алты) ай ішінде енгізіледі.
2 2-тарау. Нысанды толтыру
6 6. Нысан Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 30, 32 және 35-тармақтарына сәйкес ұсынылады және мына жағдайлар:
1
1) есептік нөмір берілген, есептік тіркеуден алып тасталған, есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша репатриациялау талабының орындалуын бақылау рәсімдерін қалпына келтірген, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағына сәйкес хабарлама жіберген, жаңа есептік тіркеу банкі болып табылатын уәкілетті банктің (оның филиалының) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпаратты ұсыну жөніндегі сұратуын алған кезде;
2 2) есептік нөмірі бар экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттарды қабылдаған кезде жіберіледі.
7 7. 1-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірі көрсетіледі.
8 8. 2-бағанда экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың есептік нөмірін беру күні көрсетіледі.
9 9. 3-бағанда мыналар көрсетіледі:
«1» – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;
«2» – талаптарында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт;
«3» – талаптарында Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру, сол сияқты жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету көзделген экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт.
10 10. 4-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
11 11. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының «1» – заңды тұлға (оның филиалы) белгісі көрсетілсе, 5-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының БСН көрсетіледі.
12 12. Егер 7-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының «2» – дара кәсіпкер белгісі көрсетілсе, 6-бағанда экспорттаушының немесе импорттаушының ЖСН көрсетіледі.
13 13. Егер экспорттаушы немесе импорттаушы заңды тұлға (оның филиалы) болып табылса, 7-бағанда «1» белгісі, егер экспорттаушы немесе импорттаушы дара кәсіпкер болып табылса, «2» белгісі қойылады.
14 14. 8-бағанда ҚР МС 11-2009 «Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес экспорттаушының немесе импорттаушының заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы екі саны көрсетіледі.
15 15. 9-бағанда мынадай белгілер көрсетіледі:
«1» – егер экспорт жөніндегі валюталық шарт;
«2» – егер импорт жөніндегі валюталық шарт.