О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 30 декабря 2019 года № 42/9-VІ «О бюджете Абайского района на 2020-2022 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 30 декабря 2019 года № 42/9-VІ «О бюджете Абайского района на 2020-2022 годы»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/2-VI
- Қабылданған күні
- 11.03.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2020 140492_506619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VE006808
- ЭКБ идентификаторы
- 140492
- Редакция идентификаторы
- 140492_506619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:44
0 Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы
30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға
арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 42/9-VІ «2020-2022 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6475 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы азаматтық қызметшілерге қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.