Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 июля 2019 года № 571 «Об утверждении требований к концепциям создания специальной экономической и индустриальной зон»

Бұйрық · № 303 · қабылданған 28.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2019-no-571/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 июля 2019 года № 571 «Об утверждении требований к концепциям создания специальной экономической и индустриальной зон» Қолданыста Бұйрық ·№ 303 ·28.04.2023
28.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 июля 2019 года № 571 «Об утверждении требований к концепциям создания специальной экономической и индустриальной зон»

Қолданыста Бұйрық ·№ 303 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 июля 2019 года № 571 «Об утверждении требований к концепциям создания специальной экономической и индустриальной зон»
Атауы (қаз.)
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
303
Қабылданған күні
28.04.2023
Көрсетілген редакция
28.04.2023 180711_630963.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032418
ЭКБ идентификаторы
180711
Редакция идентификаторы
180711_630963
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:25

0 «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19172 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық аймақты құру тұжырымдамасына қойылатын талаптарда:
11-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тізбесін, қаржыландыру көздерін және пайдалануға беру мерзімдерін (өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар үшін) көрсете отырып, дайын өндірістік үй-жайлардың құрылысы туралы ақпаратты қамтиды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы