О внесении изменения в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 30 января 2019 года №21 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 30 января 2019 года №21 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 84
- Қабылданған күні
- 03.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2020 130496_445051.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SE005335
- ЭКБ идентификаторы
- 130496
- Редакция идентификаторы
- 130496_445051
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:33
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 7- тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 21 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5215 болып тіркелген, 2018 жылғы 07 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
әкімдігінің 20____ жылғы «___» _________ № ____ қаулысына
қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізімі
Ұйымдар атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Белгіленген квотаға (адам) сәйкес жұмыс орындарының саны
«Али-Са» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1
«Агро-Есіл»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
113
1%
1
«Акселеу»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
110
1%
1