О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 30 апреля 2020 года № 101 «Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2020 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 30 апреля 2020 года № 101 «Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2020 год»
- Атауы (қаз.)
- «2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 15.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 150048_499750.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006814
- ЭКБ идентификаторы
- 150048
- Редакция идентификаторы
- 150048_499750
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:00
0 «2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына (2020 жылғы 05 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:».
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 333
қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы «30» сәуірдегі
№ 101 қаулысына қосымша
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
теңге
Бірегей тұқымдар
20 912 548
Элиталық тұқымдар
1 016 307 877
Бірінші репродукция тұқымдары
501 198 408
Екінші репродукциялы мақта тұқымдары
0
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
606 383 525
Элиталық көшеттер
0
Барлығы
2 144 802 358