Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 107 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства»

Бұйрық · № 226 · қабылданған 28.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-107-ekb-198304/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 107 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства» Қолданыста Бұйрық ·№ 226 ·28.06.2024
28.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 107 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства»

Қолданыста Бұйрық ·№ 226 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 107 «Об утверждении Правил субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства»
Атауы (қаз.)
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
226
Қабылданған күні
28.06.2024
Көрсетілген редакция
28.06.2024 198304_707940.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034647
ЭКБ идентификаторы
198304
Редакция идентификаторы
198304_707940
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:45

0 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
66-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66-1. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) тыңайтқышты аванстық субсидиялау тетігін қолдана отырып, тыңайтқыш өндірушіден арзандатылған құны бойынша жоспарлап сатып алған жағдайда, тыңайтқыш өндірушінің екінші деңгейлі банктегі субсидиялар көлемі аударылатын арнайы шотына (бұдан әрі – арнайы шот) тыңайтқыш өндірушіге субсидияларды аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады. Бұл ретте, тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасында көзделген шарттарды орындаған сәтке дейін арнайы шоттан қаражатты үшінші тұлғалар шешіп алмауы тиіс.»;
66-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66-4. Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидалардың 66-тармағының 4) тармақшасында көзделген шартты орындағаннан кейін арнайы шоттағы қаражатты пайдаланады. Бұл ретте, өтпелі өтінімді Басқарма растағаннан кейін тыңайтқыш өндірушінің Жеке кабинетіне арнайы шоттан қаражат алу үшін электрондық хабарлама жіберіледі.
Тыңайтқыштарды өндіруші осы Қағидаларға 19-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізуді қамтамасыз ету бойынша міндеттемені қабылдаған кезде арнайы шоттағы қаражатты пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте, қаражат тыңайтқыштарды өндіру мақсаттары үшін ғана оларды ауылшартауарөндірушілерге (ауылшаркооперативіне) одан әрі сата отырып пайдаланылуы мүмкін.
Тиісті жылдың 1 қарашасына арнайы шотта пайдаланылмаған қаражаттың қалдықтары болған кезде, сондай-ақ тыңайтқыш өндіруші қабылдаған міндеттемені орындамаған жағдайда, тыңайтқыш өндіруші оларды тиісті жылдың 10 қарашасына дейін Басқарманың шотына қайтарады.
Арнайы шотқа аударылған бюджет қаражаты толық игерілген жағдайда, аванстық субсидиялау тетігі шеңберінде өтпелі өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Мұндай жағдайда өтпелі өтінімдерді қабылдау осы Қағидалардың 71-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер тыңайтқыш өндіруші нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізген сәтке дейін арнайы шоттағы бюджет қаражаты таусылса, онда ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді кері қайтарып алады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 19-2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Күнтізбелік отыз күн ішінде нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізуді қамтамасыз ету бойынша міндеттеме

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 226 бұйрығына
қосымша
Өсімдік шаруашылығы
өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруды субсидиялау
қағидаларына 19-2-қосымша
Нысан
Күнтізбелік отыз күн ішінде нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізуді қамтамасыз ету бойынша міндеттеме
Жеке кабинетке өтпелі өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде нақты өткізілген тыңайтқыштар бойынша мәліметтерді өтпелі өтінімге енгізуге міндеттенемін.
Арнайы шоттағы қаражат тыңайтқыштарды өндіру мақсаттары үшін ғана, оларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (ауыл шаруашылығы кооперативтеріне) одан әрі сата отырып пайдаланылатынын растаймын.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) өтпелі өтінімді бермеген жағдайда, қаражатты тиісті жылдың 10 қарашасына дейін қайтаруға міндеттенемін.
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
Тыңайтқыш өндірушінің бірінші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған күні мен уақыты.

Қолданыстағы