Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № 169 «Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций»

Бұйрық · № 111 · қабылданған 31.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-169-ekb-154090/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № 169 «Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций» Қолданыста Бұйрық ·№ 111 ·31.03.2021
31.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № 169 «Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 111 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № 169 «Об утверждении Правил включения потребителей в перечень электростанций»
Атауы (қаз.)
«Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
111
Қабылданған күні
31.03.2021
Көрсетілген редакция
31.03.2021 154090_515417.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022459
ЭКБ идентификаторы
154090
Редакция идентификаторы
154090_515417
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:55

0 «Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңның 15-7-бабының 2-тармағына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін заңды тұлға жиынтығында мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің аймағында жаңа электр қуаттары құрылады және 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға беріледі;
2) жаңа құрылған электр қуаттарында электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде тауарлық газ пайдаланылады немесе пайдаланылатын болады;
3) жаңа құрылған электр қуаттары қуатты автоматты түрде реттеуге қосылады және реттеу диапазоны белгіленген қуаттан кемінде жиырма пайыз болады.
4. Заңды тұлға (бұдан әрі – Өтініш беруші) тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу үшін уәкілетті органға жаңа электр қуаттарын автоматты түрде реттеуге қосу талаптарын қамтитын, жүйелік оператордың алынған немесе онымен келісілген техникалық шарттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосуға өтініш береді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган оған заңды тұлғаны қоса отырып, электр станцияларының тізбесін қалыптастырады және оны Заңның 5-бабының 70-38) тармақшасына сәйкес бекітеді.»;
14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Заңды тұлға жүйелік оператор берген техникалық шарттарға сәйкес электр станциясын жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосуды қамтамасыз етеді.
15. Заңды тұлға жүктемеге немесе түсіруге белгіленген қуаттың кемінде жиырма пайызы көлемінде жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесіне қосылған электр станциясын реттеу диапазонын қамтамасыз етеді.»;
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізуге арналған өтініш

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 111 Бұйрығына
қосымша
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына
қосымша
Нысан
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізуге арналған өтініш
Жобаның атауы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
энергия өндіруші ұйымды тізбеге енгізуді сұраймын
Заңды тұлғаның атауы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құқықтық мәртебесі және меншік түрі:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құрылтайшылар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Құрылған күні:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекенжай, индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, (кеңсе):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
тел.: ____________
факс: _________
электрондық мекенжайы: _______________
веб-сайт:_________________
Банктік деректемелер, есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктік жеке
коды, бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
_________________________________________________________________
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қызмет түрі:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жұмыс істеушілердің нақты саны: _________________, соның ішінде:
өндірістік қызметкерлер _________________________;
әкімшілік-басқару персоналы _____________________.
Жоба міндетінің сипаттамасы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Жаңа электр қуаттарын енгізудің түпкі әсері:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Енгізілген немесе енгізілетін жаңа қуат туралы жалпы ақпарат*

Іс-ша­ра­ның ата­уы
Іс-ша­ра­ның ба­ста­лу кү­ні (айы, жы­лы)
Іс-ша­ра­ның аяқ­та­лу кү­ні (айы, жы­лы)
Құ­ны (млн. тең­ге)
Ен­гі­зі­ле­тін негіз­гі өн­ді­ру­ші жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық па­ра­метр­ле­рі
Бел­гі­лен­ген электр қу­а­ты, (МВт)
Бел­гі­лен­ген жы­лу қу­а­ты, (Гкал / сағ)
1.
Ескертпе:
- кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
Электр станциясының жұмыс параметрлері туралы ақпарат (атауын көрсету)*

Бел­гі­лен­ген қу­ат,
Ор­та­ша жыл­дық қол­да бар қу­ат,
Ма­невр­лік қу­ат кө­ле­мі,
Боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның жос­пар­лы үле­стік шы­ғы­сы**
Электр (МВт)
Жы­лу (Гкал/сағ)
Электр (МВт)
Жы­лу (Гкал/сағ)
(+/- МВт)
Электр энер­ги­я­сы­на (ш.о.г./кВтсағ)
Жы­лу энер­ги­я­сы­на (ш.о.кг./Гкал)
1.
Ескертпе:
- кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде.
Электр станциясының көрсеткіштері*

Ке­зең (Жыл)
Жос­пар­лы көр­сет­кіш­тер
Электр стан­ци­я­сы­ның электр энер­ги­я­сын боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғы­сы­ның мәні (ш.о.г./кВтсағ)
Электр стан­ци­я­сы­ның жы­лу энер­ги­я­сын боса­ту­ға ар­нал­ған шар­тты отын­ның үле­стік шы­ғы­сы­ның мәні (ш.о.кг./Гкал)
Ен­гі­зі­ле­тін негіз­гі өн­ді­ру­ші жаб­дық­тың қол­да бар электр қу­а­ты­ның мәні (МВт)
Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген негіз­гі өн­ді­ру­ші жаб­дық­тың жұ­мыс іс­теу мер­зі­мі (ке­зең со­ңы жағ­дайы бой­ын­ша қал­ған) (жыл)
Электр стан­ци­я­сы­ның азот ок­сид­те­рі шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның үле­стік мәні (мг/м3)**
Электр стан­ци­я­сы­ның кү­кірт ок­сид­те­рі шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның үле­стік мәні (мг/м3)**
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
** - осы көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып қойылады.
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
МВт - мегаватт;
млн.теңге - миллион теңге;
Гкал/сағ - гигакалория/сағат;
ш.о.г./кВтсағ - шартты отын грамы/кВт*сағат;
ш.о.г./Гкал - шартты отын грамы/ гигакаллория;
ш.о.кг./Гкал - шартты отын килограмы/гигакаллория;
мг/м3 - миллиграмм/текше метр.

Қолданыстағы