Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-212/2020 «Об утверждении методики формирования (расчета) показателей в области здравоохранения»

Бұйрық · № 69 · қабылданған 18.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-2122020/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-212/2020 «Об утверждении методики формирования (расчета) показателей в области здравоохранения» Қолданыста Бұйрық ·№ 69 ·18.07.2025
18.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-212/2020 «Об утверждении методики формирования (расчета) показателей в области здравоохранения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 69 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-212/2020 «Об утверждении методики формирования (расчета) показателей в области здравоохранения»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69
Қабылданған күні
18.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.08.2025
Көрсетілген редакция
18.07.2025 212578_774012.kaz
Соңғы өзгеріс
18.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036478
ЭКБ идентификаторы
212578
Редакция идентификаторы
212578_774012
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:12

0 «Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді

қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-212/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21698 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаук министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 77) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесінде:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі- Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 77) тармақшасына сәйкес 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» және денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 31) тармағына сәйкес бекітілген мерзім мен мезгілде денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар талдау жүргізуге ақпарат көздері болып табылады» (бұдан әрі – Кодекс).».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

Қолданыстағы