Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-215/2020 «Об утверждении Правил проведения оценки технологий здравоохранения и их применения»

Бұйрық · № 97 · қабылданған 25.11.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-2152020/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-215/2020 «Об утверждении Правил проведения оценки технологий здравоохранения и их применения» Қолданыста Бұйрық ·№ 97 ·25.11.2024
25.11.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-215/2020 «Об утверждении Правил проведения оценки технологий здравоохранения и их применения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 97 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-215/2020 «Об утверждении Правил проведения оценки технологий здравоохранения и их применения»
Атауы (қаз.)
«Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
97
Қабылданған күні
25.11.2024
Көрсетілген редакция
25.11.2024 203303_730669.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035404
ЭКБ идентификаторы
203303
Редакция идентификаторы
203303_730669
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:24

0 «Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-215/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21705 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 133-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау технологияларына бағалау жүргізу және оларды қолдану тәртібін айқындайды.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Денсаулық сақтаудың кешенді технологияларын бағалау есебі бастамашы ДТБ бағалау есебін қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаралады және Кодекстің 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның (бұдан әрі – СБК) қызметі туралы ережемен айқындалған СБК қарауына шығарылады.»;
24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Ұсынылған материалдар негізінде СБК немесе ФК отырыс өткізілетін күні мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. СБК немесе ФК шешімі хаттамамен ресімделеді және СБК хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады.»;
27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджет қаражаты және (немесе) Қордың активтері есебінен сатып алу (қаржыландыру) туралы ұсыныммен СБК оң шешімін алған жағдайда, жұмыс органы СБК шешімі қабылданған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде бюджетке әсер ететін алдын ала шығындарды уәкілетті органның бюджет комиссиясының қарауына шығарады;»;
28-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Уәкілетті органның бюджеттік комиссиясы жұмыс органы денсаулық сақтаудың жаңа технологияларының бюджетке әсерін талдаудың алдын ала есебін ұсынған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кезекті жылға қолда бар қаржы қаражатының көлемін негізге ала отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Бюджеттік комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, одан әрі қарау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бастамашы 40 (қырық) жұмыс күні ішінде тарифтерді есептеу кезінде пайдалану үшін Қорға жаңа технологиялар бойынша тарифтер жобасын жібереді. Бастамашы Қордың талабы бойынша тарифтер жобасына қатысты ақпаратты ұсынады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы