О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-218/2020 «Об утверждении перечня специальностей и специализаций, подлежащих сертификации специалистов в области здравоохранения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-218/2020 «Об утверждении перечня специальностей и специализаций, подлежащих сертификации специалистов в области здравоохранения»
- Атауы (қаз.)
- «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 101
- Қабылданған күні
- 30.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2025 214984_779574.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25RR000101
- ЭКБ идентификаторы
- 214984
- Редакция идентификаторы
- 214984_779574
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:51
0
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулардың тізбесінде:
3, 3-1 және 4-тараулар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары
№
Мамандықтар
Мамандандырулар
1
Қоғамдық денсаулық
Қоғамдық денсаулық сақтау
Медициналық-профилактикалық іс
Медициналық-биологиялық іс Гигиена-эпидемиология
Радиациялық гигиена
Санитариялық-гигиеналық зертханадағы зертханалық іс
Дезинфекциялық іс
Паразитология
Бактериология
Вирусология
Еңбек гигиенасы
Балалардың және жасөспірімдердің гигиенасы
Тамақтану гигиенасы
Коммуналдық гигиена
Өнеркәсіптік гигиена
Эпидемиология
Микробиология
Нутрициология
Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен (обамен, тырысқақпен) жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік
Патогендігі II топтағы аса қауіпті микроорганизмдермен (тырысқақпен) жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік
Патогендігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік
3-1- тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық емес білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары
№
Мамандықтар*
Мамандандырулар
1
Биология*
Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі далалық биоқауіпсіздік
2
Биология*
Химия*
Биотехнология
Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
Санитариялық-гигиеналық зертханадағы зертханалық іс
Дезинфекциялық іс
*- «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» даярлау бағыты
4-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы техникалық және кәсіптік білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары
№
Мамандықтар
Мамандандырулар
1
Гигиена және эпидемиология Санитариялық фельдшер Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі, фельдшер-зертханашы)
Дезинфекциялық іс
Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік
Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі далалық биоқауіпсіздік
».
2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;