Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-220/2020 «Об утверждении перечня продукции и эпидемически значимых объектов, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-77 · қабылданған 10.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-2202020-ekb-171146/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-220/2020 «Об утверждении перечня продукции и эпидемически значимых объектов, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-77 ·10.08.2022
10.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-220/2020 «Об утверждении перечня продукции и эпидемически значимых объектов, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-77 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-220/2020 «Об утверждении перечня продукции и эпидемически значимых объектов, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения»
Атауы (қаз.)
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-77
Қабылданған күні
10.08.2022
Көрсетілген редакция
10.08.2022 171146_600712.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029367
ЭКБ идентификаторы
171146
Редакция идентификаторы
171146_600712
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:41

0 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 21710 болып тіркелген)  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесінде:
3-тармақта:
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қоймалар, вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау объектілері;»;
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау, сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп-орау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын объектілер;»;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханалар.»;
4-тармақта:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) вакциналар мен иммунологиялық (иммундық-биологиялық) дәрілік және диагностикалық препараттарды дайындау, өндіру, қайта өңдеу және өткізу объектілері;»;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын өндіру, қайта өңдеу, өткізу объектілері;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) патогендігі І-ІV топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын зертханаларды қоспағанда, зертханалардың барлық түрлері;».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы