Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2020 года № 269 «Об утверждении Правил проведения аукциона с использованием объекта информатизации оператора электронных аукционов на предоставление права недропользования по углеводородам в электронной форме»

Бұйрық · № 264-н/қ · қабылданған 13.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-269/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2020 года № 269 «Об утверждении Правил проведения аукциона с использованием объекта информатизации оператора электронных аукционов на предоставление права недропользования по углеводородам в электронной форме» Күшіне енбеген 13.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2020 года № 269 «Об утверждении Правил проведения аукциона с использованием объекта информатизации оператора электронных аукционов на предоставление права недропользования по углеводородам в электронной форме»

Күшіне енбеген Бұйрық № 264-н/қ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра энергетики Республики Казахстан от 30 июля 2020 года № 269 «Об утверждении Правил проведения аукциона с использованием объекта информатизации оператора электронных аукционов на предоставление права недропользования по углеводородам в электронной форме»
Атауы (қаз.)
«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
264-н/қ
Қабылданған күні
13.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
03.08.2026
Көрсетілген редакция
13.07.2026 I227884_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039347
ЭКБ идентификаторы
227884
Редакция идентификаторы
I227884_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:18
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 21038 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру объектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында:
30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«30. Кодекстің 96-бабының 4-тармағына сәйкес аукционға қатысуға арналған өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер өтінішті шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар өзге тілде, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп жасалуына болады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.»;
42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«42. Қазақстан Республикасының заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті орган мен оператор аукционды дайындаудың және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жарияламайды.»;
2-қосымшаның 2-тармағының орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3-қосымшада орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.