О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-335/2020 «Об утверждении правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-335/2020 «Об утверждении правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников»
- Атауы (қаз.)
- «Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚРДСМ-5
- Қабылданған күні
- 24.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.01.2022 164093_559853.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026646
- ЭКБ идентификаторы
- 164093
- Редакция идентификаторы
- 164093_559853
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:40
0
«Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22006 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. ТҚ қолдану бұл объективті шындықты білу үшін болып жатқан іс-қимылдарды, оқиғаларды, фактілерді белгілеу мақсатында ТҚ пайдалануды білдіреді.
Пациент қайтыс болған жағдайда ТҚ арқылы жасалған жазбаларға қол жеткізу өтініш бойынша балалары мен артында қалған жұбайына (зайыбына) беріледі.».
2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмек ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.