О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-335/2020 «Об утверждении правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-335/2020 «Об утверждении правил применения технических средств контроля, приборов наблюдения и фиксации, фото-, видеоаппаратуры, применяемых в медицинских организациях в целях обеспечения защиты прав пациентов и медицинских работников»
- Атауы (қаз.)
- «Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейне аппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 07.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.04.2023 179572_624082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032266
- ЭКБ идентификаторы
- 179572
- Редакция идентификаторы
- 179572_624082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:57
0 «Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын,
фото-, бейне аппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы№ ҚР ДСМ-335/2020
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейне аппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22006 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды қолдану тәртібін анықтайды.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің фотосуретке немесе бейнеге жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісімін алған жағдайда биологиялық материалды алу және қабылдау пунктінің қан алу кабинетінде ТҚ-ны қолдануға және оның бейнелерін кейіннен пайдалануға жол беріледі.
Медициналық қызметкер мен медициналық ұйым арасында еңбек шартын жасасу кезінде медициналық қызметкердің фотосуретке немесе бейнежазбаға немесе электрондық түрде хабардар етілген келісімі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес орналасқан жерлерінде ТҚ қолданған кезде оның бейнелерін жазу және кейіннен пайдалану ресімделеді.
Жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісім еркін нысанда ресімделеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ТҚ қолдану осы Қағидалардың 8-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың жеке гигиена үй-жайларында, ем-шара және манипуляциялық кабинеттерде, операциялық блоктарда ТҚ қолдануға рұқсат етілмейді.».
2 2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.