Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 344 «Об утверждении Правил осуществления любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно-исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, входящих в состав особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица»

Бұйрық · № 8 · қабылданған 13.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-344-ekb-163441/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 344 «Об утверждении Правил осуществления любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно-исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, входящих в состав особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица» Қолданыста Бұйрық ·№ 8 ·13.01.2022
13.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 344 «Об утверждении Правил осуществления любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно-исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, входящих в состав особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица»

Қолданыста Бұйрық ·№ 8 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 344 «Об утверждении Правил осуществления любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно-исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, входящих в состав особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица»
Атауы (қаз.)
«Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
13.01.2022
Көрсетілген редакция
13.01.2022 163441_558142.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026479
ЭКБ идентификаторы
163441
Редакция идентификаторы
163441_558142
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:44

0

«Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22020 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілерінде жеке және заңды тұлғалардың әуесқойлық (спорттық) балық аулауын, мелиорациялық аулауын, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауын, өсімін молайту мақсатында аулауын ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды жүзеге асыруға жолдаманы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғат қорғау мекемесі береді және ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және табиғат қорғау мекемесінің мөрі басылған әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды жүзеге асыруға жолдама (бұдан әрі – жолдама) беру журналында тіркеледі.»;
«ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды» деген сөздер алынып тасталсын;
6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жеке тұлғалар жолдама алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
Жолдама балық аулаушының ауызша өтініші бойынша беріледі.
7. Жолдама беру табиғат қорғау мекемесінің және оның филиалдарының кеңсесі арқылы не табиғат қорғау мекемесі белгілеген жолдамаларды өткізу пункттерінде жүзеге асырылады, сондай-ақ, жолдамаларды онлайн беруге жол беріледі, онда чекпен және электрондық мөрмен онлайн толтырылған жолдама беріледі.
Жолдама 30 минут ішінде беріледі.»;
11-тармағы мынадай редакцияда жазылады:
«11. Жолдама бір тәулікке беріледі және балық аулау көлемі бір балықшыға тәулігіне бес килограмнан аспайды.»;
12, 13, 14, 15 және 16 тармақтары алынып тасталсын.
21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын.»;
«21. Ғылыми зерттеулерді «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен айқындалған тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді.»;
22, 27, 28 және 31-тармақтары алынып тасталсын;
Қағидаларға 1-қосымшада:
«Кімге берілген ____________» деген жолдан кейін:
«Бір реттік/маусымдық __________________»;
«Жолдама құны _____________ теңге» деген жолдармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы