О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 344 «Об утверждении Правил осуществления любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно-исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, входящих в состав особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 344 «Об утверждении Правил осуществления любительского (спортивного) рыболовства, мелиоративного лова, научно-исследовательского лова, лова в воспроизводственных целях на водных объектах, входящих в состав особо охраняемых природных территорий со статусом юридического лица»
- Атауы (қаз.)
- «Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 13.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2024 196740_702271.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034377
- ЭКБ идентификаторы
- 196740
- Редакция идентификаторы
- 196740_702271
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:35
0
«Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22020 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жолдаманы беру электрондық сатып алуды және жолдаманы қалыптастыруды қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалық өнімдер (бұдан әрі – сервис) арқылы жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жолдама сервис арқылы электрондық құжат түрінде беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға жолдама
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 13 мамырдағы
№ 99 бұйрығына
қосымша
Заңды тұлға мәртебесі бар
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар құрамына енетін су
объектілерінде әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды,
мелиорациялық аулауды,
ғылыми-зерттеу мақсатында
аулауды, өсімін молайту
мақсатында аулауды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды,
ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында
аулауды жүзеге асыруға жолдама
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің _______________________ (мекеменің атауы)
ТҮБІРТЕК №_______
«_____________________» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кімге берілді ______________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/ұйымның атауы)
Бір реттік/маусымдық __________________
Жолдама құны _____________ теңге
Мөлшері ______ (килограмм) Балық түрі ________________
Су айдынының және учаскенің атауы ____________________ Көлік ____________________ (түрі, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі) Қолданылу мерзімі: 20__ж. «_» _____ және 20__ж. «__» _____ аралығында
Берілген күні 20_ ж. «__»_____
Жолдаманы алдым, Қағидалармен таныстым __________________________ (Балық аулаушының Т.А.Ә., (бар болған жағдайда) ___________________қолы) Жолдаманы берген _______________________
(Т.А.Ә., бар болған жағдайда) ___________________
(қолы)
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің _________________________ (мекеменің атауы)
ЖОЛДАМА № _____
«_______________________» республикалық мемлекеттік мекемесі
Кімге берілді _______________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/ұйымның атауы)
Бір реттік/маусымдық __________________
Жолдама құны _____________ теңге
Мөлшері ______ ( килограмм) Балық түрі________ Су айдынының және учаскенің атауы ____________________ Көлік ____________________ (түрі, маркасы,мемлекеттік нөмірлік белгісі)
Қолданылу мерзімі: 20__ж. «_» __________ және 20__ж. «__» _____ аралығында Берілген күні 20_ ж. «__»________________ Аумаққа кіру кезінде көлікті жете тексерген мемлекеттік инспектор ________________ (Т.А.Ж., бар болған жағдайда) ___________қолы) Аумақтан шығу кезінде ауланған балық көлемін тексерген мемлекеттік инспектор ________________
(Т.А.Ә., бар болған жағдайда, _________________ қолы)
ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті
Балық аулау туралы мәліметтер
Күні
Балық түрі
Мөлшері (килограмм)
ЖИЫНЫ:
Мемлекеттік инспектор ________________________ (Т.А.Ә. (бар болған
жағдайда) ________________________ (қолы)