Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-43/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на ввоз на территорию Республики Казахстан и (или) вывоз с территории Республики Казахстан органов (части органов) и (или) тканей человека, крови и ее компонентов»

Бұйрық · № ҚР ДСМ -10 · қабылданған 03.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-432020-ekb-164376/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-43/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на ввоз на территорию Республики Казахстан и (или) вывоз с территории Республики Казахстан органов (части органов) и (или) тканей человека, крови и ее компонентов» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ -10 ·03.02.2022
03.02.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-43/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на ввоз на территорию Республики Казахстан и (или) вывоз с территории Республики Казахстан органов (части органов) и (или) тканей человека, крови и ее компонентов»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ -10 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 апреля 2020 года № ҚР ДСМ-43/2020 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на ввоз на территорию Республики Казахстан и (или) вывоз с территории Республики Казахстан органов (части органов) и (или) тканей человека, крови и ее компонентов»
Атауы (қаз.)
«Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ -10
Қабылданған күні
03.02.2022
Көрсетілген редакция
03.02.2022 164376_560574.kaz
Соңғы өзгеріс
03.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026751
ЭКБ идентификаторы
164376
Редакция идентификаторы
164376_560574
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:34

0

«Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2020 жылғы
30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

«Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20556) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 3 ақпандағы
№ ҚР ДСМ -10
бұйрығына қосымша
«Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін
(тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

9 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.

2

2. «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.

3 3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Портал).

4

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілеттін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) жазылған.

5

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензиялар Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы бір рет өтуге беріледі.

6 6. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым алынады.
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

7 7. Көрсетілетін қызметті алушылар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

8 8. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ «электрондық үкімет» шлюзі арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мынадай мәліметтерді алады:

медициналық қызметке лицензия және «трансплантология», «гематология», «қан дайындау» мамандықтары бойынша лицензияға қосымшалар туралы;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алымды (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы мәліметтерді алады.
адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін транспланттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шартын ратификациялау туралы.

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Стандарттың 8 - тармағында көрсетілген құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:
адам тіндерін қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде-3 (үш) жұмыс күні;
адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде-1 (бір) жұмыс күні.

10 10. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізеді.

Деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу автоматтандырылған.

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:

адам тіндерін (тіннің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттар берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
лицензия беру кезінде адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелу және (немесе) әкету құжаттар берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Егер Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
Сонымен бірге, егер көрсетілетін қызметті алушының адам тіндерін (тіннің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беруге арналған құжаттарын қарау кезінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес бас тартуға негіздер болса, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) 73-бабына сәйкес тыңдау рәсімін жүргізеді.

12 12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімін қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

1.1 «Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Адамның ағзаларын
(ағзасының бөлігін) және (немесе)
тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен
оның компоненттерін Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
мемлекеттерге әкетуге лицензия
беру» мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
ҚР ДСМ Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«элек­трон­дық үкі­мет» веб- www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz пор­та­лы (бұ­дан әрі-пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
адам тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін), қан мен оның ком­по­нент­те­рін әке­лу­ге, әке­ту­ге ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лік­те­рін) әке­лу­ге және (неме­се) әке­ту­ге ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де – 1 (бір) жұ­мыс күн;
4
Қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше бо­лып та­был­май­тын мем­ле­кет­тер­ден Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу­ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан осы мем­ле­кет­тер­ге адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ның бір бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін), қан мен оның ком­по­нент­те­рін әке­ту­ге ли­цен­зия;
2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту Мем­ле­кет­тік қыз­мет ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­на ақы­лы көр­се­ті­ле­ді.
6
Тө­лем мөл­ше­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­на ақы­лы көр­се­ті­ле­ді, 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­ше­рін­де ли­цен­зи­я­лық алым алы­на­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші-де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды)
8
Құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
1. Адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу үшін адам­ның ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (тін­нің бө­лі­гін) іш­кі тұ­ты­ну үшін экс­порт­тың неме­се шы­ға­ру­дың ке­ден­дік рә­сім­де­рі­мен ор­на­ла­стыр­ған жағ­дай­лар­да ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға сәй­кес «транс­план­то­ло­гия», «ге­ма­то­ло­гия» ма­манды­ғы бой­ын­ша қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы ұсы­на­ды:
1) ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да транс­плант­тау қа­жет болған кез­де:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу­ды;
2) Қа­жет болған кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер­ді:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу­ды;
сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның), оған қо­сым­ша­ның және (неме­се) то­лық­ты­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық түр­де кө­шір­ме­сі;
адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) әке­лу неме­се әке­ту мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті үшін­ші ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) бір­лес­кен ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зу ке­зін­де:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның), оған қо­сым­ша­ның және (неме­се) то­лық­ты­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық тү­рін­де­гі кө­шір­ме­сі;
адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) әке­лу неме­се әке­ту мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті үшін­ші ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
2. Адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан әке­ту үшін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға сәй­кес «транс­план­то­ло­гия», «ге­ма­то­ло­гия» ма­манды­ғы бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ла­ры­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) экс­порт­тың неме­се іш­кі тұ­ты­ну үшін шы­ға­ру­дың ке­ден­дік рә­сім­де­рі­мен ор­на­ла­стыр­ған жағ­дай­лар­да ұсы­на­ды:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­на ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту қа­жет болған кез­де адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ның бір бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бір бө­лі­гін) экс­порт­тың ке­ден­дік рә­сім­де­рі­мен ор­на­ла­сты­ру жағ­дай­лар­да неме­се іш­кі тұ­ты­ну үшін шы­ға­ры­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­гі­нен тыс жер­лер­де жүр­ген;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу­ды;
2) қа­жет болған кез­де ди­а­гно­сти­ка­лық зерт­те­улер­ді:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу­ды;
сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның), оған қо­сым­ша­ның және (неме­се) то­лық­ты­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық түр­де­гі кө­шір­ме­сін;
адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) әке­лу неме­се әке­ту мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті үшін­ші ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін.
3) бір­лес­кен ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гі­зу ке­зін­де:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да сұ­рау са­лу­ды;
сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның), оған қо­сым­ша­ның және (неме­се) то­лық­ты­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық тү­рін­де­гі кө­шір­ме­сін;
адам ағ­за­ла­рын (ағ­за­ның бө­лі­гін) және (неме­се) тін­де­рін (ті­ні­нің бө­лі­гін) әке­лу неме­се әке­ту мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті үшін­ші ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін.
4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу­ды ұсы­на­ды;
3. Қан мен оның ком­по­нент­те­рін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лу және әке­ту үшін, «қан дай­ын­дау» қыз­ме­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ке ар­нал­ған ли­цен­зи­я­ға сәй­кес жү­зе­ге асы­ра­тын ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы ұсы­на­ды:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту қа­жет болған кез­де:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да сұ­рау са­лу;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ше­гі­нен тыс қа­ры жер­де тұ­ра­тын Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты­на, сон­дай-ақ ше­тел­де тұ­ра­тын ре­ци­пи­ент­тер­ге ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту қа­жет болған кез­де:
қан мен оның ком­по­нент­те­рін әке­ту мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті үшін­ші ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­гі­нен тыс жер­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның жа­қын туы­ста­ры мен жұ­бай­ла­ры­на ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту қа­жет болған кез­де тоқ­та­ты­ла­ды:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да сұ­рау са­лу;
4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ра­ти­фи­ка­ци­я­ла­ған ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу­ды ұсы­на­ды;
5) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның хал­қын қан пре­па­рат­та­ры­мен қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ше­тел­дік өн­ді­ру­ші­нің за­уыт­та­рын­да плаз­ма­лық қан пре­па­рат­та­рын өн­ді­ру үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қан қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын мем­ле­кет­тік ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да дай­ын­дал­ған қан ком­по­нент­те­рін ше­тел­ге жі­бер­ген кез­де (ке­лі­сім­шар­ттық фрак­ци­я­лау):
элек­трон­дық құ­жат­пен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да сұ­рау са­лу;
сырт­қы са­уда шар­ты­ның (ке­лі­сім­шар­ты­ның), оған қо­сым­ша­ның және (неме­се) то­лық­ты­ру­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, ал сырт­қы са­уда шар­ты (ке­лі­сім­шар­ты) бол­ма­ған жағ­дай­да та­рап­тар­дың ни­е­тін рас­тай­тын өзге де құ­жат­тың элек­трон­дық түр­де кө­шір­ме­сі;
қан мен оның ком­по­нент­те­рін әке­ту мүм­кін­ді­гі ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға уәкі­лет­ті үшін­ші ел­дер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің), оның ішін­де Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ше­ші­мін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға және (неме­се) ағ­за­лар­ды транс­плант­тау мә­се­ле­ле­рін рет­тей­тін нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге анық еме­сті­гі (сәй­кес еме­сті­гін) ;
2) ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі Ме­ди­ци­на­лық және фар­ма­цев­ти­ка­лық ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген kmfk@​dsm.​gov.​kz.
4. Дене мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі адам­дар үшін пан­дус, ша­қы­ру түй­ме­сі, За­ғип­тар мен на­шар кө­ре­т­ін­дер­ге ар­нал­ған так­тиль­ді жол, кү­ту за­лы, құ­жат­тар үл­гі­ле­рі бар та­ған­дар бо­луы ти­іс.
5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон нө­мір­ле­рі-1414, 8-800- 080-7777.

1.1.1 Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға өтініш

«Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
мемлекеттерге адам ағзаларын
(ағзаның бір бөлігін) және (немесе)
тіндерін (тіннің бөлігін), қан мен оның
компоненттерін әкетуге лицензия
беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету
Стандартына
Қосымша
нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға өтініш
Уәкілетті орган
1. Ли­цен­зи­я­ның №
2. Қол­да­ныс ке­зе­ңі – ба­стап – дей­ін
3. Ли­цен­зи­я­ның ти­пі
ЭКС­ПОРТ
4. Ке­лі­сім­шарт
____ жы­л­ғы № ___
5. Өті­ніш бе­ру­ші
6. Са­тып алушы
7. Жө­нел­ті­ле­тін елі
8. Са­тып алушы­ның елі
9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы
10. Құ­ны
11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
12. Шы­ға­ры­л­ған елі
13. Са­ны
14. Өл­шем бір­лі­гі
15. Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы (СЭҚ ТН) бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме
18. Уәкі­лет­ті тұл­ға
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы және мө­рі, кү­ні
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына өтініш
Уәкілетті орган
1. Ли­цен­зи­я­ның №
2. Қол­да­ныс ке­зе­ңі – ба­стап – дей­ін
3. Ли­цен­зи­я­ның ти­пі
ИМ­ПОРТ
4. Ке­лі­сім­шарт
____ жы­л­ғы № ___
5. Өті­ніш бе­ру­ші
6. Са­ту­шы
7. Жө­нел­ті­ле­тін елі
8. Са­ту­шы­ның елі
9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы
10. Құ­ны
11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
12. Шы­ға­ры­л­ған елі
13. Са­ны
14. Өл­шем бір­лі­гі
15. Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы (СЭҚ ТН) бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме
18. Уәкі­лет­ті тұл­ға
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы және мө­рі, кү­ні
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына өтініш
Уәкілетті орган
№ лицензияға қосымша
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
Бар­лы­ғы па­рақ
Па­рақ №
18. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның уәкі­лет­ті ада­мы
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Те­ле­фо­ны
Қо­лы және мө­рі
Кү­ні

1.2 Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия

«Адамның ағзаларын
(ағзасының бөлігін) және (немесе)
тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен
оның компоненттерін Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
мемлекеттерге әкетуге лицензия
беру» мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
2-қосымша
нысан
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Уәкілетті орган
1. Ли­цен­зи­я­ның №
2. Қол­да­ныс ке­зе­ңі – ба­стап – дей­ін
3. Ли­цен­зи­я­ның ти­пі
ЭКС­ПОРТ
4. Ке­лі­сім­шарт
____ жы­л­ғы № ___
5. Өті­ніш бе­ру­ші
6. Са­тып алушы
7. Жө­нел­ті­ле­тін елі
8. Са­тып алушы­ның елі
9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы
10. Құ­ны
11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
12. Шы­ға­ры­л­ған елі
13. Са­ны
14. Өл­шем бір­лі­гі
15. Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы (СЭҚ ТН) бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме
18. Уәкі­лет­ті тұл­ға
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы және мө­рі, кү­ні
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Уәкілетті орган
1. Ли­цен­зи­я­ның №
2. Қол­да­ныс ке­зе­ңі – ба­стап – дей­ін
3. Ли­цен­зи­я­ның ти­пі
ИМ­ПОРТ
4. Ке­лі­сім­шарт
____ жы­л­ғы № ___
5. Өті­ніш бе­ру­ші
6. Са­ту­шы
7. Жө­нел­ті­ле­тін елі
8. Са­ту­шы­ның елі
9. Ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сы
10. Құ­ны
11. Ста­ти­сти­ка­лық құ­ны
12. Шы­ға­ры­л­ған елі
13. Са­ны
14. Өл­шем бір­лі­гі
15. Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы (СЭҚ ТН) бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды және оның си­патта­ма­сы
16. Қо­сым­ша ақ­па­рат
17. Ли­цен­зия бе­ру үшін негіз­де­ме
18. Уәкі­лет­ті тұл­ға
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Қо­лы және мө­рі, кү­ні
Тауарлардың жекелеген
түрлерінің экспортына және
(немесе) импортына арналған
лицензияға қосымша
Уәкілетті орган
№ лицензияға қосымша
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
р/с №
Та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
Са­ны
өл­шем бір­лі­гі
Құ­ны
Бар­лы­ғы па­рақ
Па­рақ №
18. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның уәкі­лет­ті ада­мы
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ла­у­а­зы­мы
Те­ле­фо­ны
Қо­лы және мө­рі
Кү­ні

1.3 Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

«Адамның ағзаларын
(ағзасының бөлігін) және (немесе)
тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен
оның компоненттерін Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан
Республикасының аумағынан осы
мемлекеттерге әкетуге лицензия
беру» мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
3-қосымша
нысан
[Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті
бе­ру­ші­нің ата­уы
қа­зақ ті­лін­де]
[Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті­
бе­ру­ші­нің ата­уы орыс ті­лін­де]
[Нөмері]
[Берілген күні]
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы], Сіздің [күні] [өтініш нөмірі] тіркелген өтінішіңізді қарап мынаны хабарлайды.
[Хат мәтіні]
[Қол қоюшының лауазымы]
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]

Қолданыстағы