Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 «Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств»

Қаулы · № 64 · қабылданған 26.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-49-ekb-183410/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 «Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств» Қолданыста Қаулы ·№ 64 ·26.06.2023
26.06.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 «Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств»

Қолданыста Қаулы ·№ 64 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 «Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств»
Атауы (қаз.)
«Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
26.06.2023
Көрсетілген редакция
26.06.2023 183410_653146.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032936
ЭКБ идентификаторы
183410
Редакция идентификаторы
183410_653146
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:14

0 «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы

30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1. «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы, «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Ережеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есептік тіркеуден өту үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші):
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, басшы қызметкерлер туралы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру жөніндегі шарт туралы мәліметтер ескерілген өтінішті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелер арқылы байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы мәліметтерді;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген өтініш өтінішті беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен және тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жүгінген кезде порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттарды 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде тіркеу нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы хабарламаның жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жібереді.
Коллекторлық агенттікті есептік тіркеуден бас тарту туралы негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға есептік тіркеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт және орын (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган есептік тіркеуден бас тарту туралы немесе көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.
Есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.»;
4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
«Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі
10 (он) жұ­мыс кү­ні
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны кол­лек­тор­лық агент­тіктер­дің ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рі ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем ақы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Ақы­сыз негіз­де
7.
Жұ­мыс кесте­сі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс), «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі Ко­дек­с­ке сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бо­рыш­кер­лер­мен және (неме­се) олар­дың өкіл­де­рі­мен және (неме­се) банк­тік қарыз шар­ты неме­се мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт шең­бе­рін­де кре­ди­тор­ға мін­дет­те­ме­ле­рі ар­қы­лы бай­ла­ны­сты бо­ла­тын үшін­ші тұ­лға­лар­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сай­тын қыз­мет­кер­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
3) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы фи­ли­ал­дар және (неме­се) өкіл­дік­тер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
Осы тар­мақ­тың 2) және 3) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген құ­жат­тар PDF фор­ма­тын­да құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­ле­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер
1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың осы тіз­бе­нің 8-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­да көр­се­ті­лу­ге жа­та­тын дәй­ек­сіз мә­лі­мет­тер мен ақ­па­рат­ты ұсы­ну;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қыз­мет­кер­ле­рі­нің «Кол­лек­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ның (бұ­дан әрі – Заң) 12-ба­бы­ның 2 және 3-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­меу;
3) кол­лек­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ни­ет­тен­ген неме­се Заң­ның 3-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға дер­бес неме­се бас­қа тұл­ға­мен (тұ­лға­лар­мен) бір­ле­сіп ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ие­ле­не­тін және (неме­се) пай­да­ла­на­тын және (неме­се) жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­рі­нің он неме­се одан да көп пай­ы­зын ие­ле­не­тін және (неме­се) оған би­лік ете­тін тұл­ға­ның сәй­кес кел­меу;
4) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сын­да мем­ле­кет­тік тір­кел­ген (қай­та тір­кел­ген) күн­нен ба­стап үш ай өт­кен соң көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге есеп­тік тір­ке­уден өту ту­ра­лы өті­ні­шпен жү­гі­ну;
5) Заң­ның 21-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген та­лап сақ­тал­ма­ған жағ­дай­лар­да тоқ­та­ты­ла­ды.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz, ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы же­ке ка­би­не­ті ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz, ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­сі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы:
8-800-080-7777, 1414.
».

2 2. Банктік емес ұйымдарды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы