Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 30 ноября 2020 года № 49/5-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога»

Өзге акт · № 17/2-VII · қабылданған 31.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-495-vi/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 30 ноября 2020 года № 49/5-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога» Қолданыста 31.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 30 ноября 2020 года № 49/5-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога»

Қолданыста Өзге акт № 17/2-VII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 30 ноября 2020 года № 49/5-VI «О корректировке базовых ставок земельного налога»
Атауы (қаз.)
Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
17/2-VII
Қабылданған күні
31.08.2022
Көрсетілген редакция
31.08.2022 171265_590100.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VD029415
ЭКБ идентификаторы
171265
Редакция идентификаторы
171265_590100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:22
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы

№ 49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7964 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ алынып тасталсын;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Риддер қаласының елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемесі Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1) Риддер қаласының жеріне арналған:
1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
7 және 8 аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;
2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:
1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 40 % арттырылсын.
Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.