Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 30 октября 2020 года № 497 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств»

Өзге акт · № 94 · қабылданған 18.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-497-ekb-159048/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 30 октября 2020 года № 497 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств» Қолданыста Өзге акт ·№ 94 ·18.09.2021
18.09.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 30 октября 2020 года № 497 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств»

Қолданыста Өзге акт ·№ 94 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Алматы от 30 октября 2020 года № 497 «О дополнительном предоставлении лекарственных средств»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
18.09.2021
Көрсетілген редакция
18.09.2021 159048_539528.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21R0024546
ЭКБ идентификаторы
159048
Редакция идентификаторы
159048_539528
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:40

0 Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497

«Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуінің тізілімінде № 1656 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі

Алматы қаласы мәслихатының
2021 жылғы
18 қыркүйектегі № 94
шешіміне 1-қосымша
Алматы қаласы мәслихатының
2020 жылғы 30 қазандағы № 497
шешіміне қосымша
Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
р/с №
Аурудың атауы
Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар
1)
Өкпе гипертензиясы
«Силденафил»
2)
Муковисцидоз
«Тобрамицин» (Тоби, Бранитоб)
«Нутриэн»
3)
Буллездік эпидермолиз
«Судокрем»
«Солкосерил»
«Бепантен»
«Офломелид офлоксацин»
«Октенисепт»
4)
Вегенера Гранулемотозы
«Ритуксимаб»
5)
Қысқа ішек синдромы
«Смофкабивен Орталық»
«Солувит Н»
«Виталипид Н»
«Аддамель Н»
Стерофундин изотоникалық инфузияға арналған ерітінді
«ТауролокНер 100»
«Тауролок-Урокиназа 25.000»
6)
Бехчет ауруы,
Анкилозды спондилоартрит
«Инфликсимаб»
7)
Фабри ауруы
«Алгасидаза бета»
8)
Ювениалды артрит
«Тоцилизумаб»
«Адалимумаб»
9)
Ревматоидты артрит, анкилозды спондилоартрит
«Этанерцепт»
10)
OVERLAP синдромы, ревматоидты артрит, жүйелік склеродерма және жүйелі қызыл жегі бар дәнекер тінінің айқаспалы ауруы
«Бозентан»
«Ривароксабан»
11)
Фибрилляция және атриальды діріл
«Ривораксабан»
12)
Остеоартроз
«Эндопротез» (имплант)
13)
Жүйелі қызыл жегі
«Белимумаб»
14)
Созылмалы тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы
«Риоцигуат»
15)
Көп миелома
«Даратумумаб»
16)
Балалардың церебралды сал ауруы
«А типті ботулиндік токсин кешені-гемоглютенин» (диспорт)
17)
Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия
«Паливизумаб»
18)
Жүйелік склеродерма
«Траклир»
«Виагра»
19)
Дюшен бұлшықет дистрофиясы
«Этеплирсен»
«Дефлазакорт»
20)
Жұлын бұлшықетінің атрофиясы
«Нусинерсен»
21)
Жалпыланған остеопороз
«Терипаратид»
22)
Өкпе обыры
«Алектиниб»
23)
1 типті қант диабеті
«Гларгин» (Лантус Соло Стар)
24)
Өңештің қатерлі ісігі
«Пембролизумаб»
25)
Симптоматикалық эпилепсия
«Клобазам» (Фризиум)
«Вигабатрин» (Сабрил)
«Лакосамид»
«Клоназепам»
26)
Мүшелер мен ұлпалар трансплантациядан кейінгі жағдай
«Эверолимус»
«Экулизумаб»
27)
Шашыраңқы склероз
«Диметилфумарат»
28)
Шашыраңқы склероз
(белсенділігі жоғары склероз)
«Кладрибин»
29)
Өкпе артериялық гипертензиясы
«Селексипаг»
30)
Өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық қатерлі ісігі
«Пембролизумаб»
31)
Идиопатиялық өкпе гипертензиясы
«Мацитентан»
32)
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
«Физионил 40 глюкозамен»
33)
Фенилкетонурия
«Сапроптерин»
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнайы емдік өнімдер
34)
Целиакия
«Ұн қоспасы»
«Макарон өнімдері»
«Кондитерлік өнімдер»
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар
35)
Буллездік эпидермолиз
«Салфеткалар»
«Таңғыш»
«Бинт»
36)
Қысқа ішек синдромы
«Дискофикс С» үш жүрісті кранымен IntrafixSafe SetLuerLock инфузиялық желісі. 180 сантиметр REF 4063006 (Б. Браун)
IntrafixSafe SetLuerLock инфузиялық желісі «Дискофикс С» үш жүрісті кранымен 230 сантиметр REF 4063006 (Б. Браун)
Көктамыр ішіне инфузиялық ерітінділерді мөлшерлеуге, араластыруға, құюға және енгізуге арналған инфузиялық және трансфузиялық жүйелер (антифункционалды сүзгісі бар жарыққа төзімді ұзартқыш жүйе, көлемі 1,5 миллилитр) MF1646
150 сантиметрлік Original Perfusor-leitunLuer Lock ұзартқышы 4097408 (Б. Браун)
Инъекциялық мембранасы бар Ин-стоппер-штепсель 4238010 (Б. Браун)
HydrofilmRoll пластырі
Катетерлерді бекітуге арналған Tegaderm CHG стерильді таңғыштары
Стерильді салфеткалар
Өздігінен жабысатын стерильді төсегіш

2 Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Алматы қаласы мәслихатының
2021 жылғы
18 қыркүйектегі № 94
шешіміне 2-қосымша
Алматы қаласы мәслихатының
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. Алматы қаласы мәслихатының «Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1000 болып тіркелген) шешімі.

2 2. Алматы қаласы мәслихатының «Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 33 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1320 болып тіркелген) шешімі.

3 3. Алматы қаласы мәслихатының «Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1276 болып тіркелген) шешімі.

4 4. Алматы қаласы мәслихатының «Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы» 2017 жылғы 24 мамырдағы № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1380 болып тіркелген) шешімі.

5 5. Алматы қаласы мәслихатының «Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1441 болып тіркелген) шешімі.

6 6. Алматы қаласы мәслихатының «Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы № 234 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1487 болып тіркелген) шешімі.

7 7. Алматы қаласы мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1499 болып тіркелген) шешімі.

8

8. Алматы қаласы мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2019 жылғы 27 мамырдағы № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1568 болып тіркелген) шешімі.

9 9. Алматы қаласы мәслихатының «Дәрілік заттарды қосымша беру туралы» 2019 жылғы 29 шілдедегі № 375 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1573 болып тіркелген) шешімі.

Қолданыстағы