О внесении изменения и дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»
- Атауы (қаз.)
- «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22-НҚ
- Қабылданған күні
- 08.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2023 189793_670340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033756
- ЭКБ идентификаторы
- 189793
- Редакция идентификаторы
- 189793_670340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:02
0 «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру кезінде:
1) мыналар:
Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелер;
жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асыратын мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалау нәтижелері;
әлеуметтік-экономикалық дамудың, соның ішінде мемлекеттік басқару және экономика салалары бөлінісіндегі статистикалық деректер қарауға және есепке алуға жатады;
2) мыналар:
кезекті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарау қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынымдары;
кезекті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы және Тексеру комиссияларының есептерін қарау нәтижелері бойынша берілген тиісті мәслихаттардың ұсынымдары;
құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың ұсыныстары (ақпараты);
бірлескен және қатар аудиторлық іс-шаралар жүргізу бойынша шет елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарының, сондай-ақ бірлескен (қатар) аудитті жүзеге асыру бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының ұсыныстары;
мемлекеттік органдардың, тексеру комиссияларының, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
бюджет қаражаты мен активтердің қалыптастырылуы және жұмсалуы, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы барысындағы бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу нәтижелері Тізбеге қосудың орындылығы тұрғысынан талданады.»;
мынадай редакциядағы 108-1 және 108-2-тармақтармен толықтырылсын:
«108-1. Жоғары аудиторлық палата заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын мынадай негіздер:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
2) Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша қайта қарайды.
108-2. Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша мемлекеттік аудит қорытындыларын қайта қарау мынадай негіздер:
1) аудит мәселелері бойынша шағымның түсуі;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезіндегі мүдделер қақтығысы;
3) 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану жөніндегі сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында (Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы) көзделген;
4) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамалары бойынша жүзеге асырылады.
Қайта қарау осы Қағидалардың 3-тарауы 1-бөлімінің 3-параграфында және 2-бөлімінде көзделген тәртіппен белгіленеді.».
2 2. Жоғары аудиторлық палатаның Әдіснама және сапа бақылауы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.