Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»

Қаулы · № 2-НҚ · қабылданған 31.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-6/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля» Қолданыста Қаулы ·№ 2-НҚ ·31.03.2025
31.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»

Қолданыста Қаулы ·№ 2-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 июля 2020 года № 6-НҚ «Об утверждении Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля»
Атауы (қаз.)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2-НҚ
Қабылданған күні
31.03.2025
Көрсетілген редакция
31.03.2025 208682_750309.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035911
ЭКБ идентификаторы
208682
Редакция идентификаторы
208682_750309
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:20

0 Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 6-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«161. Жоғары аудиторлық палатаның материалдарды құқық қорғау органдарына беруі Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 41, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 1, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 37 бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 34165 болып тіркелген) Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит материалдарын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру комиссияларының материалдарды құқық қорғау органдарына беруі тексеру комиссиялары мен құқық қорғау органдары бекіткен бірлескен бұйрықтарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«182. Мемлекеттік аудит объектісі Нұсқамалар тармақтарының орындалуы жөніндегі ақпаратты тиісті мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі Нұсқама тармақтарының орындалу мерзіміне дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектісіне ЭҚАЖ (болған жағдайда) арқылы және (немесе) қағаз түрінде поштамен ӘҚтК-нің 462-бабында көзделген әкімшілік жауаптылық туралы ескерту жібереді.»;
184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«184. Аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау жөнінде отырыс өткізу қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның (Тексеру комиссиясының) интернет-ресурсына тиісті баспасөз релизі және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттен қаражатың, мемлекеттік активтердің жұмсалуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы ақпарат орналастырылады.».

2 2. Жоғары аудиторлық палата аппаратаның Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы