Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 723 «О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare»

Қаулы · № 811 · қабылданған 11.10.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2020-no-723-turar-healthcare/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 723 «О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare» Күшін жойған Қаулы ·№ 811 ·11.10.2022
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 723 «О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare»

Күшін жойған Қаулы ·№ 811 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № 723 «О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Turar Healthcare»
Атауы (қаз.)
«Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
811
Қабылданған күні
11.10.2022
Көрсетілген редакция
01.09.2023 172707_651338.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000811
ЭКБ идентификаторы
172707
Редакция идентификаторы
172707_651338
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:31

0 «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

3-тармақ 6) тармақшадағы «қатысу болып айқындалсын.» деген сөздер «қатысу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызметті жүзеге асыру;
8) жобаланатын және салынатын денсаулық сақтау объектілері үшін медицина және медициналық емес кадрлармен қамтамасыз етуді жоспарлау және әкімшілендіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
9) денсаулық сақтау объектілерінің жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша, оның ішінде қайта қолданылатын жобаларды пайдалана отырып қызметті жүзеге асыру;
10) денсаулық сақтау объектілері бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру;
11) денсаулық сақтау объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету жұмысын жүзеге асыру;
12) денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаларды консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру;
13) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау қызметін жүзеге асыру;
14) денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы