Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»

Бұйрық · № 919 · қабылданған 05.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2021-no-1253-ekb-171294/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния» Қолданыста Бұйрық ·№ 919 ·05.09.2022
05.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»

Қолданыста Бұйрық ·№ 919 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
919
Қабылданған күні
05.09.2022
Көрсетілген редакция
05.09.2022 171294_590113.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029423
ЭКБ идентификаторы
171294
Редакция идентификаторы
171294_590113
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:17

0

«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 13), 16) және 36) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар енгізілуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 36) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
287-тармақ мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
«36) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мақұлданған шарттарда Ұлттық басқарушы холдинг сатып алған екінші деңгейдегі банктің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.»;
292-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сатып алу веб-порталы арқылы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Қағидалардың 287-тармағының 1), 3), 5), 6), 13), 14), 16), 23), 27) және 36) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды, сондай-ақ шарттың жобасы қағаз тасығышта жіберілетін бейрезидентпен шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.»;
294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«294. Осы Қағидалардың 288 және 293-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтерді қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға, сондай-ақ бейрезидентпен шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 3), 4), 16), 19) және 36) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын сатып алуға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 344-1-тармақпен толықтырылсын:
«344-1. Осы Қағидалардың 342, 343 және 344-тармақтарының талаптары осы Қағидалардың 287-тармағының 36) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;
459-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 462-1, 462-2 және 462-3-тармақтармен толықтырылсын:
«462-1. Әлеуетті өнім берушінің тауарларға, жұмыстарға (осы Қағидалардың 458, 460, 461-тармақтарында көзделген жұмыстарды қоспағанда), көрсетілетін қызметтерге (осы Қағидалардың 462-тармағында көзделген көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) арналған тендерге қатысуға өтінімнің бағасы, егер ол тендерге бөлінген бағадан жиырма пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік болып танылады.
462-2. Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша демпингтік деп танылмайтын, рұқсат етілетін ең төмен бағадан төмендетілген сомаға тең мөлшердегі соманы енгізу шартымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша демпингтік баға ұсынуға жол беріледі.
462-3. Осы Қағидалардың 458-462-тармақтарында көзделген жағдайларда, демпингтік бағаларды ұсынуға жол берілмейді.»;
463-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы