О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 «Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния»
- Атауы (қаз.)
- «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1263
- Қабылданған күні
- 12.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2022 175375_607238.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031087
- ЭКБ идентификаторы
- 175375
- Редакция идентификаторы
- 175375_607238
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:06
0 «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
287-тармақ мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
«37) вакциналарды, медициналық және ветеринариялық препараттарды, диагностикалық тест-жүйелерді, патогенді биологиялық агенттерді бейтараптандыруға арналған препараттарды өндіру үшін химиялық реагенттер мен компоненттерді, шығын және орау материалдарын сатып алу.»;
294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«294. Осы Қағидалардың 288 және 293-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 45-бабының 4-тармағына сәйкес мәліметтерді қамтитын тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуға, сондай-ақ бейрезидентпен шарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 287-тармағының 3), 4), 16), 19), 36) және 37) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын сатып алуға қолданылмайды.»;
319-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«319. Егер шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.
Осы талап осы Қағидалардың 287-тармағының 37) тармақшасында көзделген сатып алу туралы шарттар жасасу жағдайларына қолданылмайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі